Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің назарына! ҚР Конституциясының 86-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі депутаттарының және аудандық мәслихаттар депутаттығына сайлауалды кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес 2023 жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін «Aqtogai ajary» газетінің бетінде баспа алаңын ұсыну туралы ақпараттық хабарлама.

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын, сайлау комиссияларының шекараларын, сайлау комиссияларының мүшелерін  жариялау үшін және тіркелген кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды бағдарламаларын, өмірбаянын жариялау үшін «Aqtogai ajary» газетінде баспа алаңының 1 шаршы сантиметр құны 400 теңгені құрайды, ҚҚС қоспағанда. Сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын аумақтық комиссия төрағасы тапсырады. Сайлау заңдылықтарына сәйкес алдын ала келісімшартқа отырады. Кандидат немесе оның сенімді өкілі материалдың жариялану құнын келісім-шартта көрсетілген келісімшарт бойынша реквизиті көрсетілген есепшотқа аударады. Газет алаңына үгіт-насихат материалдарын жариялау редакцияға үміткерлер немесе оның сенімді өкілінің жазбаша өтініші түсуі шарт. Жазбаша өтініште материалды жариялауға үміткер, партия немесе сенімді өкілінің келісімі мен қол қойылған мерзімі көрсетілуі керек. Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газет шығатын мерзімінен кем дегенде 3 жұмыс күн бұрын редакцияның электрондық поштасына aktogai_red салу және қағазға басылған түрде Абай Құнанбаев көшесі, 1А үйге әкеліп тапсырады. Егер кандидат сайлау алдындағы бағдарламасында Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ, заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы көрсетілуі тиіс екендігін ескертеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *