Алтын шыққан жерден қол шықты
«Алтын шыққан жерді белден қаз» деген. Жуырда ғана жергілікті облыстық, аудандық басылымдарда жастар арасында Дубайда өткен Азия чемпионатында Сарытерек ауылының оғланы Ерасыл ЕРМЕКТІҢ чемпион атанғанын сүйіншілеп жазған болатын. Міне, сол алтын шыққан Сарытеректен қола да шығып отыр.
Түркістан облысында еліміздің 17 аймағынан «сен тұр, мен атайын» жас боксшы қыздар арасында өткен тартысты бәсекеде Сарытерек ауылының тумасы Аяжан Ербұланқызы қола медаль жеңіп алды. Аяжанның қола медаль үшін жекпе-жектегі қарсыласы жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында «Ең шапшаң боксшы» атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген Эвника Садвакасова болды. Бокс әлеміне жаңа қадам басқан Аяжан үшін бұл – үлкен жетістік. Біз Сарытеректің саңлақ қызы Аяжан Ермек Ерасыл ағасының ізін басып, әлі талай шыңды бағындырады деп сенеміз.
Мүсіркеп Сейдахмет
«Орталық Қазақстан»