Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген халқымыз қашаннан бері қарияларды құрметтеп, қадірін парықтай білген. Айтқандары бір елге мұра болар, болашақты болжаған ғұламалар да – осы қариялар. Ақын М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» деуінде де терең бір сырдың қайнары жатса керек.

Сондықтан да қазақ үшін қай заманнан бері құрметтің де, сый-сияпаттың да қомақтысы – кешегі ата-ана, бүгінгі қарияларға арналған. Ел ішінде ертеден келе жатқан үлкен сыйлау үрдісінің бұзылмай бүгінге жеткені дәстүр сабақтастығы емей не?! Және сондай үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеуді әуелі аудан басшысының өзі қолға алып, елге үлгі етіп жатқаны да бір ғанибет, жақсы жоралғы.

Аудан әкім Салтанат Әбеуова 1 қазан қартар күні қарсаңында Ақтоғай ауылының тұрғыны ардагер ұстаз Шәйза Садыханованың шаңырағына бас сұғып, ақ жаулықты әзиз жанды мерекемен құттықтады. Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ұлағаты ұстаз Шәйза әжей де Салтанат Мірәсілқызын қуана қарсы алды. Биыл 85-ке келген кейуана қартайғанымен, тың, ширақ екен. Немерелерін санамағанда, 15 шөбере сүйіп отырған кейуананың бақытын Құдай көп көрмесін! Балаларыдың барлығы бір-бір шаңырақтың егесі.

Ардагер ұстазды аудан әкімі мерекесімен құттықтап қана қоймай, аз-кем әңгіме-дүкен құрды. «Сіздердің өмір жолдарыңыз бүгінгі барша жастарға үлгі-өнеге. Осы бар бақыттың қызығын көрерге тек денсаулық пен ғұмыр берсін», – деді аудан басшысы. Іліп алғандай Шәйза әже «сіздерге де жұғысты болсын» деп баталы тілегін жұптады.

Думан ҚАБЫЛ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *