Аудан абыройы асқақтады

Сөз ауаны спортқа қарай ойысса, еліміз қасқайып тұрып күні бүгінге дейін қол жет-кізген жетістіктерін жіпке тізгендей айтып бере алады. Спорт саласы өзге саламен салыстырғанда көштің алдыңғы қатарында тұр. Оған Үкіметтің тигізген пайдасы орасан. Салауатты өмір салтын дәріптеп, спорттың бұқаралығын арттыруды екі тізгін, бір шылбырды ұстаған тұлғалар назардан тыс қалдырған емес.

 

Біздің ауданда да спорттың тынысы ашылып, қарашаның салауатты өмір қағида-тына деген жаңаша көзқарасы қалыптасты. Спорт үйірмелерінің саны артып, оған қызы-ғушылық танытатын жастар көбейді. Соған сәйкес нәтиже де жаман емес. Сабақтан тыс санаулы уақытының бір парасын спортқа арнап жүрген жас өрендер дәйім тұғырлы орындардан көрініп жүр. Сүйіншілеген жаңа-лықты біз де сәт сайын газет бетінде жариялап келеміз.
Жуырда аудан спор-тының абыройы асқақтады. Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың «Үздіктерді марапаттау» рәсімі болып өтті. Аталмыш шараға аймағымызға қарасты аудандардан барған ұлттық спорт өкілдері қатысты. Жыл қорытындысы бойынша «Ұлттық спорттың бір түрі көкпарды ерекше дамытып, жаңа деңгейге көтергені үшін және Қарағанды облысының чемпионатында жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін» ауданымыздың көкпар құрамасы және Е.Қаржаубай «Үздік спортшы» аталымы бойынша марапатталды.

Е.АЙТЖАН.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *