Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
Аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуовтың төрағалығымен 1 сәуір күні жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы болып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамыту, шаруаларға мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың тиісті заң талаптарына сәйкес уақытылы берілуі, эпизоотиялық қызметті жүзеге асыру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және тиімді пайдалану талаптарын қамтамасыз ету бағытында аудан әкімі орынбасарының атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» аудан әкімінің орынбасары С.Амралин баяндама жасады. Мұнан кейін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалу барысы жөнінде» аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов ақпар берді.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер тұрақты комиссияда талқыланғандықтан, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі
1 сәуір күні аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, экология, агроөнеркәсіп салалары мен кәсіпкер-лікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері мен әлеуметтік саланы дамыту, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі өтті. Күн тәртібінде аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамыту, шаруаларға мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың тиісті заң талаптарына сәйкес уақытылы берілуі, эпизоотиялық қызметті жүзеге асыру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және тиімді пайдалану талаптарын қамтамасыз ету бағытында аудан әкімі орынбасарының атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалу барысы. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 наурыздағы 14 сессиясының «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган құру туралы» №120 шешіміне өзгерістер енгізу. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі 6 сессиясының «Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар, жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының күн тәртібі, редакциялық комиссиясы туралы хабарлама жасалды. Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Шешім жобасы бекітіліп, сессияға ұсынылды.
Думан Аманкелдіұлы.