Ауыл – ұлт құндылықтары

Ауыл – ұлт құндылықтары тоғысқан алтын бесік. Салт пен дәстүрдің түпкі темірқазығы осында. Береке мен байлықтың бастауы да ауылда. Төрт түлігін түлетіп, шаруасын шайқалтпай қайнаған еңбек пен ұлттық руханияттың қайнар көзіндей болып отырған ауылдардың бірі Сарытерек ауылдық округі.

Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты  2021-2024 жылдарға арналған Даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жұмыссыздықты жоюға, кәсіпкерлікті дамытуға, ауылдың ажарын кіргізуге,  мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға  бар күш жігеріміз бен тәжірибемізді жұмсап келеді. Ауылдық округтегі жалпы халық саны  757 адам, оның ішінде экономикалық белсендісі  463  адам.

Жалпы жер көлемі  284 707 га аумақты алып жатыр. Ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған жер аумағының жалпы көлемі 187 510 га жер. Бүгінгі күнде жерді мақсатсыз пайдаланып отырған шаруа қожалықтары жоқ.  Бюджет орындалысы Ауылдық округ әкімі аппаратының 2021 жылға жылдық бюджеті  53 млн 792 мың теңге. 8 айда бюджеттің орындалысы 35 млн 987 мың. Жер, мүлік, көлік және табыс салықтарын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ауылымыздың бюджетіне түсіруге жұмыстар ұйымдастырылуда.

«Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз». Қазақ классиктерінің бірі Сәбит Мұқановтың қаламынан туған осы жолдардың қазір де мәні мен маңызы төмен емес. Ауыл гүлденсе, шынында да ол бүкіл еліміздің өркен жайғанына нақты айғақ. Осыны жақсы сезінген ауыл еңбеккерлері туған жерін иран бағына айналдыру жолында барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауылдық округ аумағында 68  шаруа қожалығы  тіркеліп жұмыс жасайды.  Бүгінде ауылдық округтің 12 шаруа қожалығы  асыл тұқымдық түрлендіру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.  Ағымдағы жылдың өзінде «Олжабек» шаруа қожалығы 8 бас, «Төлеутай» шаруа қожалығы 3 бас, «Қарағұла» шаруа қожалығы 2 бас, «Нұрхан» шаруа қожалығы 1 бас, «Мұратбек» шаруа қожалығы 1 бас, «Құржық» шаруа қожалығы 2 бас, ақбас асыл тұқымдық аталық малдарын әкеліп табынға қосып, тұқымдық түрлендіруді бастады, мемлекеттік субсидияға құжаттарын өткізіп, толықтай қаражаттарын алды. Осы шаруа қожалықтарында  26 бас асыл тұқымды аталық мал және 641 бас сиыр малдары бар.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі мал санағы бойынша ірі қара мал –5674 бас, жылқы –3367  бас,  ұсақ мал –13430 , құс — 2100 басты құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара, жылқы, қой-ешкі мал бастарының өсімін  көрсетеді. (ірі қара 102%, жылқы 132 %,  ұсақ мал -101%  )

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2022жж арналған» бағдарламасына сәйкес «Бизнес бастау» курсын тәмамдаған, жұмыссыз  азаматтар Жакупова Лиза «Еңбек»бағдарламасы бойынша жылқы малын өсіруге 4 миллион тенге несие алды, ауыл тұрғындары жеке кәсіпкер Шәйкен Нұрбек, Бекмаганбетова Анар, Қасым Азамат  «Еңбек» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алуға құжаттарын жинап жатыр. Жыл басынан 4 жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынды.

Коммуналдық сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам. Сарытерек ауылдық округі бойынша үш елді мекен (Сарытерек, Ақтұмсық, Жетімшоқы) және 7 шаруа қожалықтары (Қарағұла, Самал, Ұзынбұлақ) тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Электр энергиясының берілуі тұрақты, тұрғындардың және мекемелердің тоққа берешегі жоқ. Баламалы энергия көздерін пайдалануды Кенелі, Ақтұмсық, Жетімшоқы елді  мекендері және қыстақтар бүгінгі күнге дейін орнатып қазіргі уақытта баламалы энергия көздерін пайдалануда.

Cарытерек ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы ауыз су мәселесі түбегейлі шешіліп, ауыз су жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Ауыз су барлық үйге кіргізілген. Ауылдық округтің санитариясын қамтамасыз ету бойынша ауыл ішіндегі күл қоқыстар және ірі күл қоқыстарды шығару бойынша 260 000 теңгеге жеке кәсіпкер Мунайтпасова Гульнара Екпинбаевнамен келісім шарт жасалып толығымен күл қоқыстар шығарылып тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынға апарылды.

Сарытерек ауылының тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін алаңның заңды құжаттарын экспертизадан өткізуге тиісті қаржы бөлініп,  геологиялық зерттеу және радондарын өлшеу бойынша жұмыстарын жүргізуге тиісті мекемелермен келісім шарт жасалынып құжаттары жаңартылды. Қазіргі уақытта экспертизадан өткізу жұмыстары заңдылықтардың өзгеруіне байланысты тоқтап тұр, жыл аяғына дейін аяқтайтын боламыз.

Биылғы жылы бюджеттен қаржы қаралып ауылдық округтің орталығы Сарытерек ауылына 11 500 000 теңге қаржы қаралып 250 кВт – тық КТПН және 17 бағанымен жаңадан 200 Вт диоттық көше шамдары, бюджет қаражаты түсімдерінен 3 475 000 теңге қаржы қаралып  бұрынғы ескі үлгідегі ДРЛ шамдарын жаңа диоттық шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп бөлінген қаражат толығымен игерілді. Қазіргі уақытта «Жеңіс» саябағының ішіне балаларға арналған алаң орнату үшін үнемделген қаражат есебімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы хабарландыру беріліп ойнатылып жатыр, алдағы уақытта жеңімпаз мердігерді анықтап жұмыстарды сапала жүргізетін боламыз. Кәсіпкерлікті дамыту Сарытерек ауылдық округінен 36  жеке тұлға мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер болып тіркелген, оның ішінде  5 азық-түлік дүкендері, 1 шағын тігін шеберханасы. Qamqor мобильдік қосымшаға жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары тіркелді.

 

Жыл басынан бастап жұмыссыздыққа тіркелген 1 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмысқа 10 адам тартылды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 жұмыссыз адам  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсынан өтті.

Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі 1 жас яғни, Бахытбекұлы Фархат жылқы өсіру мақсатында 505000 тг қайтарымсыз несие алып 2 бас жылқы малын сатып алып жұмыс жасауда.

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, 13 тыл ардагерлеріне 10 000 тг ден материалдық көмек көрсетілді.

Мәдениет саласы Ауылдық округтің Клуб үйінде 1 меңгеруші, 1-күзетші, 1-тазалықшы  жұмыс жасайды. Ауылдық округ бойынша түрлі мәдени іс – шаралар жоспарлы түрде  өткізіліп отыр.

Атап айтсақ, 8- наурыз аналар мерекесіне ауылдағы «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, тыл ардагерлері және де көп балалы аналар арнайы түрде шақырылып, «Аналар асыл жандар» атты тақырыпта мерекелік шаралар карантиндік талаптарға сай онлайн форматта өткізілді.

2021 жылдың 8 айында ауыл әкіміне заңды тұлғалардан  барлығы 2 өтініш қабылданып, уақытында қанағаттандырылды.

Қ.Серкебаев,

Сарытерек ауылдық округінің әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *