Бұл Жолдаудан күтеріміз көп

16 наурыз күні жарияланған Мемлекет басшысының Жолдауы кезекті болғанымен, бұл Жолдаудың орны ерекше. Қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін үміт пен күдік араласқан кезеңде бұл Жолдау тоннель артында шам бар екенін көрсетті. Күрделі геосаяси жағдай мен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан, саяси реформалар болады. Оның кепілі – Мемлекет басшысы. Жолдаудың негізгі сарыны – осы. Президент билік тармақтарының ара қатынасына жете тоқтала келіп, мұндағы жүйелік кемшіліктерді еңсерудің жолдарын ұсынып қана қойған жоқ, бұл реформалардың негізгі мақсаттарын айқындап, себеп-салдарына тоқталды. Мемлекет азаматтардан құралатынын және азаматтың саяси белсенділігін арттыру, қоғамдық диалогты жаңа межеге көтеру тек қана азаматтық қоғам мен демократиялық қағидалардың арқасында орын алуы мүмкін екеніне тоқталып өтті. Ең жоғары өкілетті орган болып табылатын Парламент палаталары депутаттарының саны қысқарып, сапасы артады. Депутаттарды тек партиялық тізім бойынша емес, сонымен қатар тікелей сайлау мүмкіндігі халық пен өкілді орган арасындағы байланысты нығайта түседі. Сонымен қатар, депутаттардың қайтарымдылық қағидаларының енгізілуі депутат қызметін бағалаудағы маңызды тетік болмақ. Мәжіліс құзыретінің Бұл Жолдаудан күтеріміз көп Бірлігі күшті ел озады нығаюы заң шығарушы биліктің рөлін қайта қарауға серпін береді. Әкімдердің сайланбалылығы, олардың халық алдындағы жауапкершілігінің артуы Мемлекет басшысының маңызды басымдықтарының бірі ретінде көрініс тауып отыр. Аудан әкімдерінің сайланбалығы, ауыл әкімдерінің құқық-тық және қаржылық мәртебесінің артуы жергілікті билік дербестігінің кепілі болмақ. Саяси реформалардың тетігі Қазақ елінің терең тарихымен тығыз байланыста өрбиді. Заманауи мемлекет құру идеясы Қазақстанның рухани құндылықтарымен және мемлекеттілік кезеңдерін саралаумен қатар жүруі тиіс. Бұған дәлел, жаңа облыстардың пайда болуы деп айтуға болады. Президент ұсынған әр облыс орталығының қазақ тарихында өзіндік ойып алар орны ерек. Жолдауда айтылған ерекше басымдықтардың бірі қоғам мен мемлекет үшін ең маңызды Конституциялық соттың қалпына келуі. Сондықтан, тәуелсіз сот билігі ғана тиімді құқық пайдалану саясатының қайнар көзі бола алады. «Жаңа Қазақстанда біздің басты ұстанатын қағидамыз – әртүрлі көзқарастарды есепке ала отырып, біртұтас ұлтты сақтау», – деді Президент өз Жолдауында. Біз, ұрпақ тәрбиелеп, ел болашағы үшін қызмет етіп отырған арнаулы және жоғары оқу орнының ұстаздар қауымы, Президентіміз Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын қолдай отырып, оның ары қарай іске асуына өз тарапымыздан жұмыла іске кірісетінімізді баса айтқымыз келеді.

 М.ҚАҚАБАЕВ, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *