Бағаны тұрақтандыру – халық қамы
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – халық қамы. Осы ретте әлеуметтік дүкендердің септігі мол. Мұндай нысандар тұрғындардың қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуге мүмкіндік беретіні анық. Таяуда аудан орталығынан «Әлихан» әлеуметтік дүкені ашылды. Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерден ерекшелігі – облыстық тұрақтандыру қорынан қамтамасыз етілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмен бағада сатылуы.
Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Сайлаукен Әубәкіровтің айтуынша, алдағы уақытта өңірде әлеуметтік дүкендердің санын арттыру қолға алынбақшы.
– Жыл сайын кәсіпкерлікті дамыту бағытында игілікті іс-шаралар атқарылу үстінде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қолжетімді ету мақсатында жеке кәсіпкер Күлән Бишаеваның бастамасымен ашылған әлеуметтік дүкеннің маңызы жоғары. Мұнда жеміс-жидектер, көкөністер, күнделікті тұтынатын азық-түліктер мен киім-кешек саудалануда. Ең бастысы, ондағы баға базар бағасымен салыстырғанда арзан. Әсіресе, ақтоғайлық зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға едәуір көмек болады, – дейді С.Әубәкіров.
Қалтаңа қарай қажеттілігіңді табатын дүкеннің ашылуына жер-гілікті тұрғындар дән риза. Әсіресе, әлеуметтік сауда орнының тауар бағасы күн санап өскен нарық заманында аса қажет.
Думан ҚАБЫЛ.