Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Қазынашылық – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін, мемлекеттік қаржыны тиімді және орнықты басқаруға жауап беретін сала. Бұл қызмет бастапқыда әрбір басқару саласындағы кірістер мен шығыстардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін құрылған. Өйткені, барлық мемлекеттік органды қажетті ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету – маңызды іс. Ол үшін бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасы секілді есеп- қисаптың бәрі қазынашылық нормалар мен стандарттарға сай болуға тиіс.
Қазынашылық басқармасы кірістер мен шығыстар бойынша бюджетті кассалық атқару жұмыстарын іске асыра отырып, бюджет құралдарын мақсатты пайдалану үшін ақша ағынының қозғалысын оңтайландырады, бюджеттік құралдарды үйлестіруді және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бюджеттік заңнаманы әзірлеуге қатысады және оның орындалуын бақылайды.
Мемлекеттік қазынашылық – мемлекеттік бюджет саясатының және бюджет саласындағы реформалар кешенінің негізгі бөлігі. Бұл сала қаржы ресурстарын заңға сәйкес үздіксіз, құзырлы басқаруды қамтамасыз етеді. Сол себепті қазынашылық жүйесінің функционалдық қызметі үнемі жетілдіріліп, қазынашылық технологияларды стандарттау және оңтайландыру шаралары тұрақты жүргізіліп отырады.
Қазынашылық жүйесінің негізгі мәні – мемлекеттік мекеме- лердің қашықтан бюджетті атқару және осыған қатысты қандай да бір операцияларды өткізу бойынша есептерді жасауында. Бұл қызмет автоматтандырылған режімде жүргізіледі, яғни, қазынашылық жүйені пайдаланушыдан құжаттарды қабылдау-тапсыру, толтыру және бақылау мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуынсыз жүргізіледі. Сонымен қатар, қазынашылық қызметкерлері арасында өңделген құжаттарды тарату да автоматтандырылған. Бұл бір жағынан құжаттарды өңдеу процесін жеңілдетсе, екінші жағынан жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді. Сондықтан, Қазынашылықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үнемі жетілдіріліп келеді.
«Жемқорлық қоғам өмірінде, әсіресе, моральдық-этикалық ахуалға әсер ететіндіктен, оны барынша қабылдауға келмейтін жағдайлар тудыру қажет» деген келелі міндеттерді ескере келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты басымдық ретінде Қазынашылық жұмысында ерекше көрініс табуда. Соның дәлелі ретінде мемлекеттік мекемелердегі қаржылық құжаттарға адами факторды барынша араластырмауға мүмкіндік беретін электронды құжатайналым – «Қазынашылық — клиент» ақпарат- тық жүйесін атап өтуге болады.
Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамаларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары тақырыбында дәрістер мен семинарлар өткізіледі. Аталған іс-шаралар жалпы атқарылған жұмыстың азғантай бөлігі ғана.
Жыл сайын қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни, нақтылай ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтетіндігін ескерсек, бюджеттің нысаналы әрі тиімді қолданылуын бақылауды басты назарда ұстау, ел қаражатын шашау шығармау қазынашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосқан сүбелі үлесі деп білеміз.
Елдің дамуы әрбір азаматтың қажырлы еңбегіне, отан- сүйгіштігіне көп байланысты. Отанының өркендеуі үшін қазынашыларымыз да барын салып, адал еңбек етіп келеді. Олар – халық мүддесі үшін қызмет ететін, ел болашағын бәрінен биік қоятын білікті де кәсіби мамандар. Әріптестеріміздің Қазақстанның гүлденіп, көркеюі үшін қалтқысыз еңбек етіп, әлі талай шыңдар мен межелерден көрінетіні сөзсіз.
Актоғай аудандық қазынашылық басқармасы жемқорлықтың алдын алу мен оның көріністерімен күресуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге және өз қызметінде тәртіпті нығайту жолында әлі талай жұмыс атқаратынына сенеміз.
Э.Қаппарова,
Аудандық қазынашылық басқармасының
бас маманы-бас қазынашысы.