Білім берудің бастауы – бастауыш сынып мұғалімі
Білім берудің бастауы – бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып педагогтарын дайындау оқу орындары үшін жауапкершілігі үлкен мәселе. Өйткені, бастауыш сыныпта оқушылардың ең негізгі фундаменті қалыптасады. Басы қалай басталса, солай жалғасын табатыны анық. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларын білімді, сауатты, өз елінің патриоты қылып тәрбиелеу мұғалімге тікелей байланысты. Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарын аяқтағаннан кейін студенттер мектептерде педагогикалық қызметпен айналысып, орта мектептер мен гимназияларда жұмыс істей алады. Осындай мамандық иелерін дайындау барысында педагогтар өз жұмыстарын жүйелі атқарады. «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс — мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер.Бұл қасиеттер халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын – жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет», – деген болатын өз сөзінде президентіміз Қ.Тоқаев. Педагогика ғылымы үнемі дамып, жаңарып отырады. Рухани жаңғыру құндылықтарына сай бәсекеге қабілетті тұлға, жеке тұлғаның интегралды қасиеті болып саналады. Ол тиімділіктің жоғары деңгейі, сапалы нәтижеге ұмтылу, күйзеліске төзімділік, қиындықтарды жеңе білу қасиеті. Білімді студенттердің еңбекке шығарма- шылық қатынасы, кәсіби шеберлікке ұмтылуы, жауапты, кейде тәуекелді шешім қабылдауы педагогтардың болашағын жарқын етеді. Сондай-ақ, қарым-қатынас дағдылары, ынтымақтасу, бірлесіп жұмыс жасауға үйрету арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін білікті етіп даярлайды. Жаңа істі тез меңгеру мүмкіндігі, өзін-өзі тәрбиелеу, жаңа ойларды жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту қабілеті болашақ педагогтар үшін ең керек қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру барысында мұғалімдер сабақтың әртүрлі кезеңдерінде жаңа тақырыпты оқуда, үй тапсырмасын орындау кезінде сабақты жоспарлау процесіне оқу-зерттеу іс-әрекетінің элементтерін енгізуді үйренуі қажет.
Бастауыш сыныптарда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі қаланады. Қазіргі педагогика ғылымы бастауыштағы оқушыны оқу- тәрбие процесінің негізгі қатысушыларының бірі, ең белсенді өзін-өзі дамытатын субъектісі деп санайды. Ол үшін бастауыш сыныптардағы білім берудің бүкіл процесі құрылады. Оқушылар мұғаліммен және қоршаған ортамен қатынасқа түседі. Ал, білім мен тәрбие үрдісінің орталық тұлғасы, жүйе құраушысы бастауыш сынып мұғалімі. Ол білім мен тәрбие мазмұнын жеткізуші, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаны қалыптастырудың жан-жақты дамуын ұйымдастырушы. Сондықтан халық тәрбиесінің бұл буынында ғылыми негізделген, ұйымдастырылған шығармашыл тұлға қажет.
М.Амирбекова,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті.