Cыртқа тәуелділіктен арылтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында инфрақұрылымның тозуын ескере отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі, сарапшылардың пікірінше, қазірдің өзінде күн тәртібінде тұр. Көрші елдерге тәуелді болмас үшін өзіміздің энергетикалық ресурстарымызды пайдалану қажет. Осыған байланысты алдағы бес жылда көлемі кемінде 14 гигаватт болатын жаңа энергетикалық қуаттар енгізілетін болады.

–Биыл Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің бірінші блогын қайта құру жұмыстары аяқталады. Бұрын ешқашан толық қуатын пайдаланып көрмеген станцияның 8 блогы түгел жұмыс істейтін болады. Қазір екінші ГРЭС-ті кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатыр, үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталады.

Түптеп келгенде, Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, бұған мүлде жол беруге болмайды, — дейді Президент.

Осы жұмыс шеңберінде жаңартылған энергия көздерінің дамуына байланысты энергетика саласын басқару бойынша тәсілдерді жетілдіру жоспарлануда. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаһандық күрделі салымдардың шамамен үштен бірі қазірдің өзінде жаңартылатын энергетика жобаларына тиесілі. Бұл мәселеде табиғатты қосымша электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға мүмкіндік беретін гидроэлектростанцияларды салу мен жаңғыртуға ерекше рөл берілген. Мемлекет басшысының айтуынша «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында да «жасыл» қаржыландыруды тарту үшін алаң құрылады.

Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы стандарттарын ескере отырып, экономиканың барлық секторларының қолданыстағы энергия тиімділігі саясатын, оның ішінде ресурс үнемдеу жөніндегі нормативтік талаптарды енгізу жолымен қайта қарау жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты нормативтен тыс тұтыну кезінде жоғары тариф белгілей отырып, жаңа тарифтік саясатты әзірлеу басталды.

 

Б.Қалақбасов

Аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *