Екпе – індет емі

Елімізде індеттің таралуына қарсы күрес жөнінде қабылданған шаралардың маңыздылығы жоғары. Себебі, індетке қарсы күрес жүргізбеген мемлекеттер қиындыққа тап болды. Осынау адам өмірі үшін қауіпті індеттің алдын алу мақсатында елімізде коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстары атқарылуда.

Дәрігерлер қауымы вакцина індетке қарсы ең тиімді әрі жалғыз тәсіл екенін ескертіп отыр. Атап айтқанда, вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың өте тиімді және қауіпсіз әдісі. Қазіргі таңда аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 компонентімен егілгендер саны – 6201. Бұл жалпы жоспардың 76,1 пайызын құрап отыр. Екінші компонентпен егілгендердің саны – 4219. Және де қазір жүргізіліп жатқан ревакцинациялау бойынша егілгендердің саны – 1659 адам. Файзер вакцинасының бірінші компонентімен 488 адам егілсе, екінші компонентімен 291 адам егіліп отыр.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар жоқ. Қол- жетімді вакциналар Казвак (ревакцинация ретінде), Хаят, Корона, Вирасел және де Файзер вакцинасы бар.

«Ауырып ем іздегенше, ауыр- майтын жол ізде» дейді халық даналығы. Қоғам саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларына баса назар аударған абзал. Жалқы адамның жауапкершілігі жал- пы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармайық.

С.Ерменбетова,

аудандық орталық аурухананың эпидемиолог- дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *