Экстремизм және терроризм: түсініктер, мәні, көріну формалары

«Экстремизм» ұғымы – латынның extremus сөзінен шыққан, аударғанда «соңғы, ақырғы», тәртіпсіздікке азғыратын, азаматтыққа бағынбайтын, лаңкестік әрекеттер мен партизандық соғыс әдістерін пайдаланатын, «көзқарастар мен әрекеттерге соңына дейін берілген адам» деген мағынаны білдіреді. Мұндай топтағы адамдар ымыраға келуді, келіссөз жүргізуді, келісім жасауды қабылдамайды.

Экстремизм – оны көру мен түсіну қиындығы жиі кездесетініне қарамастан, шындығында күрделі құбылыс. Бәрінен оңайы оны қарапайым, жалпылама қабылдаған түсініктен алыс жеке тұлғаның әрекеті (сонымен қатар, сендіру, біреуге немесе бір нәрсеге деген қарым-қатынас, сезім, әрекет, стратегия) деп анықтауға болады. Шиеленісті жағдайда – шиеленісті шешудің қатаң түрі ретінде көрінуі.

2005 жылы 18 ақпанда қабылданған ҚР-ның «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1- бабының 5-тармағында экстремизм ұғымына мынадай анықтама берілген:

«Экстремизм – жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен бекітілген түрде экстремистiк деп танылған ұйым және (немесе) iс-әрекеттер жасау;

жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің төмендегідей экстремистік мақсаттарды көздеуі көрсетеді:

 — конституциялық құрылымды күшпен өзгертудi, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының қол сұғуға болмайтын және бөлiнбейтiн тұтастығын бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, өкiметтi күшпен басып алуды немесе өкiметтi күшпен ұстап тұруды, әскериленген заңсыз құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, (саяси экстремизмдi) әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыру;

— нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты (ұлттық экстремизмдi) қоздыру;

— діни алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылық жасауға немесе зорлықзомбылыққа шақырып алауыздықты ушықтыруға байланысты, сондай-ақ, азаматтардың бостандығы мен құқықтарына, өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін кез-келген діни тәжірибелерді (діни экстремизм) пайдалануы».

 Қазіргі адамзатқа қауіп төндіріп тұрған тағы бір құбылыс – терроризм. «Терроризм» ұғымы латынның тerror – «қорқыныш, үрей» деген сөзінен шыққан. Терроризм ерекше қатал, қорқытулар мен зорлық-зомбылық көрсету арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 3 қазандағы қабылданған «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңында берілген анықтама бойынша:

«Терроризм – күш қолдану идеологиясы мен халықты үрейлендіруге және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі».

Қорыта келе, қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді. Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни наразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қорғауға тиіс.

М.Қасымхан,

Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *