Кешенді жоспар жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдаған қазіргі қоғамда бәсекелестікті дамыта отырып, бір біріне мүмкіндік беру айрықша маңызға ие екендігін атап өтті. Әрине, бәсекелестік бар жерде өнімнің сапасы артып, дамушылық ілгерілейтіні сөзсіз. Әділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды. Халықтың əл-ауқатын арттыру мақсатында жолданған бұл Жолдаудың ерекшелігі басым. Ата Заңда жер мен табиғи байлық бұқара халыққа тиесілі екені жазылған. Яғни, еліміздің əрбір отбасы ұлттық байлықтың қандай да бір мөлшерін пайдалануына болады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында қоғамдағы түйткілді мәселелерді айта отыра оны шешудің айрықша жолын көрсетті. Мемлекеттің байлығы ол — адам. Ал адам, толыққанды өмір сүру үшін әрқашанда қолайлы орта қажет. Қолайлы ортаны құруда халыққа барынша жағдай жасау маңызды. Инновацияның жетіспеушілігінен Ұлттық табысты барлық халық көре алмайтындығын айтып, инновацияның дамуына баса назар аудару керектігін ескерді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген, ауызбірлігі жарасқан елміз. Еліміздің көркейіп, экономикасының дамуына, сапалы білім беруге əрқайсымыз өз үлесімізді қосамыз.
Президенттің айтуынша, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін кешенді жоспар жүзеге асып жатыр.
«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.
Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміз ел мүддесін жоғары қойып отыр. Жолдауда ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, əл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамалардың бар болғаны, денсаулық сақтау жəне білім беру саласында мүмкіндіктер туғызғаны көңіл қуантарлық. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, тəрбиешілердің жалақысын көтеру, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынғаны, əлеуметтік тұрғыдан əлсіз саналатын топтағы балаларға мектеп формасын бюджет есебінен беру –құптарлық жайт.
Жаңа Қазақстан құруда бірлесе жұмыс атқарып, дамыған Қазақстан көрінісін көрсетуге барлығыңызды шақырамын
Медиева Мадина Ермекбайқызы
КМКҚ “Айгөлек” бөбекжайы тәрбиешісі, педагог-модератор
Саршыған кенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *