Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.
Электрондық пошта мекенжайы: nacionalproekt503873@mail.ru
Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73.
Конкурстың нысанасы: 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде ұсыну.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «Qoldau.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері үшін: «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100200, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, электрондық пошта мекенжайы: aktogai_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71037) 21327;
«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.