Үлкен үміттерге жетелеген Жолдау
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде? Жолдауды тыңдап шыққансын, ой елегінен өткізе отырып, шындығында экономиканы дамытуға ерекше қолдау берер Жолдау болды деген шешімде болдым. Мемлекет басшысы көп нәрсенің басын ашып тұрып айтып, нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі партия активімен өткен жиында төрағамыз Ерлан Қошанов мырза «Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Жолдауда жұртшылық күткен, елді толғантып отырған басқа да өзекті мәселелер толық қамтылды. Сондықтан партиямыз үшін Жолдау стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. «AMANAT» партиясы осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс деп санаймын», — деді партия Төрағасы.
Басшымыз партиялықтарды Жолдауды жүзеге асыру үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін жұмылдыруға шақырды.
Әсіресе, судың тапшылығы, инфрақұрылымның ескілігі, шикізатты өңдеуді нақты қолға алу, өңделген өнімді сақтау қоймаларын жолға қою, өндірісті дамыту, отандық кәсіпорындарға қолдаудың жеткіліксіздігі, тағы да басқа еліміздің экономикасы үшін өте өзекті мәселелерді қозғаған Жолдауды насихаттау, халыққа таныстыру басты парызымыз. Таныстырып қана қоймай, осы тапсырмалардың орындалысы барысында мемлекет тарапынан жасалатын бастамаларға, іс-шараларға қолдау көрсетіп, жұдырықтай жұмылып іске кірісу — Жолдауда алға қойылған міндеттердің орындалып, халықтың игілігіне айналуының бірден-бір жолы екендігіне көз жеткізу, халықты жұмылдыру — бізге АМАНАТ болғалы тұр. Олай болса НАР ТӘУЕКЕЛ!!!
Аудандық мәслихаттың депутаты Г.Елеусізова