Мұз айдынындағы тартыс

Өркениет өріне құлаш ұрып отырған елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру – басты мұрат. Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында денсаулық, спортты дамытуды баса айтып келеді. Бүгінгі таңда елімізде жас-кәрісі бар дене тәрбиесіне ерекше мән беріп, өңірлерде спорттың бұқаралығын наси-хаттайтын жарыстар көптеп ұйымдастырылуда.

Өткен жексенбіде аудан орталығындағы хоккей кордында шайбалы хоккейден ашық біріншілік өтті. Дүбірлі додаға Ақадыр (Шет ауданы), Сарышаған кенттері, Ақтоғай ауылы жастарының құрама командалары қатысты. Байрақты бәсекені аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Кишкентаев құттықтау сөзімен ашты. Сөйтіп, соқыр жеребе тартылып, ойыншылар өзара сайысқа түсті. Жанкүйерлердің қанын қыздырып, спортшы-лардың жігерін жаныған мұз айдынындағы доп додасы тартысқа толы болды. Кішкене шайбаны дегеніне көндіріп, ұршықша иірген хоккейшілер қырғиша төніп кеп, қақпаға допты дөп салғанда дән риза боласың.

Сонымен, спортшыларды сергелдеңге салған сайыс күн еңкейген шақта өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Ақадыр кентінің командасы ат артына артып қайтты. Ал, Сарышаған командасы жүлделі ІІ орынды иеленсе, ақтоғайлық хоккейшілер ІІІ орынды жеңіп алды.

Жарыс барысында ерекше көзге түскен спортшылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Спорттық материалдарды дайындаған Д.Қабыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *