Маңғыстау облысында қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар қырылып қалған ба?

Осындай ақпарат turkistan.kz сайтына жарияланған. Мақала соңында ешқандай ресми ақпараттың жоқ екендігі жазылған. Бұл ақпаратты біз тексеріп көрдік.

Біріншіден, кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Қуат Чумакаев: ол жерден бес құстың өлексесі табылды. Сырттай тексеру кезінде құстардан оқтың ізі байқалмады. Әлеуметтік желіде тараған видео 14 сәуірде түсірілген. Сараптама жүргізу мүмкін емес. Ветеринария саласының мамандары пайымынша, «қоқиқаздардың қырылуы ауа райының қолайсыздығына байланысты болуы мүмкін. Яғни құстар әлсіреген, жақын жерде су қоймалары жоқ, сондықтан өліп қалған. Қазір бұл іспен полиция айналысуда,-делінген.

ҮКІМ: Манипуляция

U.S. Consulate Almaty / U.S. Embassy Kazakhstan / Посольство США в Казахстане

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonusangazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *