Мерекелеріңізбен!

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймыз! Ғасырлар тоғысында әлемдікөркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге  қадам басты. Ата заң біздің барлық жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің айнымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Қысқа мерзімде Қазақстан халқы айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған мемлекетке айналды. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Ата заң қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылып отыр. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды.
Елімізді әлемнің маңдайалды мемлекеттерінің қатарына қосып, қарқынды дамытып, Қазақстанды қарыштап өркендете беру – біздің қастерлі де, қасиетті борышымыз! Қазақстан жерінде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің қайнар көзі.
Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілейміз!

Аудан әкімі
С.Әбеуова
Аудандық мәслихат
хатшысы Р.Әбеуов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *