Өнерлінің қолы алтын
Қарашы, қандай ғажап, ә?! Бір-бірінен жұбын жазбастан, бірінің ізін бірі қуалай, киіз бетіне қонған өрнектер бейне бір кешегі күннің хабаршысындай. Осынау талыстай ғана сырмақ – тұтас қазақтың дүниетанымы мен тұрмысынан, мәдениетінен сыр шертіп тұрғандай. Бажайлап байқасаңыз, әрбір ою қойнына өзіне тән мән-мағына бүркеп жатыр. Оны аңғару үшін салқын ақыл мен биік талғам қажет.
Әлімсақтан қазақтың табиғатпен кіндігі бір. Кешегі артынып-тартынып, мыңғырған малын алдына салып, көшіп-қонып жүрген шағында бабаларымыз табиғаттың тылсым үнімен ежеттес болған. Кейін отырықшылыққа бет бұрып, заманның ырқына қарай технология атаулыға иек артқалы, қоршаған ортадан қол үзіп, оқшауланып барамыз. Алайда, адам баласы табиғаттың өнімінсіз өмір сүре алмайтынын, керісінше табиғат адамсыз өркендей беретінін ұғынуымыз қажет. Біздің ертедегі аталарымыз осы бір пайымды бар жанымен түйсінген әрі түсінген. Сондықтан болар, қоршаған ортадағы кез келген жаратылысты бағалап, оларды күнделікті тұрмыстарына арқау етіп, дәріптеуге барынша тырысқан. Бұл оймақтай ой жоғарыдағы сырмақ бетіне қонған қошқар мүйіз оюынан бастау алды.
Қазіргі уақытта көз майын тауысып, бірін-біріне өбістіріп, іс тігіп, қолөнермен шұғылданатындар некен-саяқ. Бар болса да бұрынғыша әрбір аулада әбден пісіріп, иін қандырған киізді астына төсеп, арқасын күнге тосып, сабақтап алған инесін камзолының өңіріне қадай салып, бір саусағына жезді оймағын іліп алып, маңдайы шып-шып терлеп, ыңылдап отырып, іспен шұғылданатын әжелерді көрмейміз-ау. Десе де, сол бір өзі бірнеше адамның шаруасын тындыратын, кеудесі көмбе, ақылы дария асыл әжелеріміздің көзіндей болған жандар ортамызда жүр. Олар да шама-шарқынша анадан балаға мирас болған дегдар өнерді дәріптеп, кейінгі буынды баулып жүр. Сондай жанның бірі – шабанбайлық Бақыт Құлымжанова.
Иісі түркі халқына ортақ мейрам – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыздың қарсаңында, кешқұрым Бақыт апамыздың үйіне бардық. Табалдырықтан аттағаннан іскер адамның қолының табы менмұндалайды. Барлық дүние қолмен қойғандай тап-тұйнақтай, жинақы. Кейіпкеріміз бала-шаға, немересінің басын қосып, кешкі асын алдына алып отыр екен. Біз де қазақы ғұрыппен жағалай амандасып, саулық сұрастық. «Мадақтап жүреді екенсің» десіп, ол кісілер де бізді дастархан басына шақырды. Сонымен, киімімізді жеңілдетіп, ыңғайлап, біз де жайғастық. Ауылдың адамы болғаннан кейін бір-бірімізден мал-жанның амандығын, қыстан қалай шығып жатқанымызды сұрап, әңгіме түйінін тарқаттық. Бір мезет, отырғанның баршасы ойға шомып, үстел басында аз-кем тыныштық орнағанда, Бақыт апамызға көптен көкейде жүрген сауалды жолдадық:
– Ләле (ауылдағы кейінгі жастар Ләле деп атаймыз), сіз осы қолөнерді қайдан үйрендіңіз?
– Ертеде, мектеп қабырғасында қыз балаларға әрқилы қолөнер түрлерін үйрететін, тоқыма тоқуды сол кезде меңгердім. Ал, құрақ құрау, басқа да істерді өз бетімше үйрендім. Жасымнан осы қолөнерге үйір болдым. Қазіргі уақытта хоббиге айналды. Бұрын көзін көрген үлкен кісілер «Бәтіш шешеңе тартқансың» дейді. Ол кісі де уақытында он саусағынан өнер тамған адам болған екен, – деп, Бақыт анамыз әңгіме бастады.
Бақыт Құлымжанова 1956 жылы сол уақыттағы Ұлы Октябрь колхозында дүниеге келген. 1964 жылы Жіңішке фермасындағы мектеп табалдырығын аттап, орта мектепті «Қаратал» совхозындағы онжылдықтан тәмамдаған. Үлкен-дердің айтуы бойынша кеңес дәуірінде мектеп және жоғарғы оқуды бітірген, әскери борышын өтеп келген азаматтарды бірден жұмысқа орналастырып, мойнына міндет жүктеген. Бақыт апамыз да мектеп бітірісімен көппен бірігіп, комсомол-жастар бригадасын құ-рып, 2 жыл табан аудармастан мал шаруашылығының өркендеуіне ат-салысқан.
Кейін 1977 жылы Алланың қалауымен, дәм-тұздары жарасып, Сандыбай ағамызбен шаңырақ көтерген. Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл ана.
Бүгінде төңіректегі ел киімі сетінеп, көрпе-жастықтарының өңі қашса, салған күйінде Бақыт апамызға апарып, дүние қатарына қосып қайтады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген емес пе?! Біз де алақандай мақаламызбен айнала ағайынға қол ұшын созып, қазақтың ұлттық бекзада өнерін дәріптеп жүрген жанды көпшілікке үлгі етіп көрсеткенді жөн санадық.Қарашы, қандай ғажап, ә?! Бір-бірінен жұбын жазбастан, бірінің ізін бірі қуалай, киіз бетіне қонған өрнектер бейне бір кешегі күннің хабаршысындай. Осынау талыстай ғана сырмақ – тұтас қазақтың дүниетанымы мен тұрмысынан, мәдениетінен сыр шертіп тұрғандай. Бажайлап байқасаңыз, әрбір ою қойнына өзіне тән мән-мағына бүркеп жатыр. Оны аңғару үшін салқын ақыл мен биік талғам қажет.
Әлімсақтан қазақтың табиғатпен кіндігі бір. Кешегі артынып-тартынып, мыңғырған малын алдына салып, көшіп-қонып жүрген шағында бабаларымыз табиғаттың тылсым үнімен ежеттес болған. Кейін отырықшылыққа бет бұрып, заманның ырқына қарай технология атаулыға иек артқалы, қоршаған ортадан қол үзіп, оқшауланып барамыз. Алайда, адам баласы табиғаттың өнімінсіз өмір сүре алмайтынын, керісінше табиғат адамсыз өркендей беретінін ұғынуымыз қажет. Біздің ертедегі аталарымыз осы бір пайымды бар жанымен түйсінген әрі түсінген. Сондықтан болар, қоршаған ортадағы кез келген жаратылысты бағалап, оларды күнделікті тұрмыстарына арқау етіп, дәріптеуге барынша тырысқан. Бұл оймақтай ой жоғарыдағы сырмақ бетіне қонған қошқар мүйіз оюынан бастау алды.
Қазіргі уақытта көз майын тауысып, бірін-біріне өбістіріп, іс тігіп, қолөнермен шұғылданатындар некен-саяқ. Бар болса да бұрынғыша әрбір аулада әбден пісіріп, иін қандырған киізді астына төсеп, арқасын күнге тосып, сабақтап алған инесін камзолының өңіріне қадай салып, бір саусағына жезді оймағын іліп алып, маңдайы шып-шып терлеп, ыңылдап отырып, іспен шұғылданатын әжелерді көрмейміз-ау. Десе де, сол бір өзі бірнеше адамның шаруасын тындыратын, кеудесі көмбе, ақылы дария асыл әжелеріміздің көзіндей болған жандар ортамызда жүр. Олар да шама-шарқынша анадан балаға мирас болған дегдар өнерді дәріптеп, кейінгі буынды баулып жүр. Сондай жанның бірі – шабанбайлық Бақыт Құлымжанова.
Иісі түркі халқына ортақ мейрам – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыздың қарсаңында, кешқұрым Бақыт апамыздың үйіне бардық. Табалдырықтан аттағаннан іскер адамның қолының табы менмұндалайды. Барлық дүние қолмен қойғандай тап-тұйнақтай, жинақы. Кейіпкеріміз бала-шаға, немересінің басын қосып, кешкі асын алдына алып отыр екен. Біз де қазақы ғұрыппен жағалай амандасып, саулық сұрастық. «Мадақтап жүреді екенсің» десіп, ол кісілер де бізді дастархан басына шақырды. Сонымен, киімімізді жеңілдетіп, ыңғайлап, біз де жайғастық. Ауылдың адамы болғаннан кейін бір-бірімізден мал-жанның амандығын, қыстан қалай шығып жатқанымызды сұрап, әңгіме түйінін тарқаттық. Бір мезет, отырғанның баршасы ойға шомып, үстел басында аз-кем тыныштық орнағанда, Бақыт апамызға көптен көкейде жүрген сауалды жолдадық:
– Ләле (ауылдағы кейінгі жастар Ләле деп атаймыз), сіз осы қолөнерді қайдан үйрендіңіз?
– Ертеде, мектеп қабырғасында қыз балаларға әрқилы қолөнер түрлерін үйрететін, тоқыма тоқуды сол кезде меңгердім. Ал, құрақ құрау, басқа да істерді өз бетімше үйрендім. Жасымнан осы қолөнерге үйір болдым. Қазіргі уақытта хоббиге айналды. Бұрын көзін көрген үлкен кісілер «Бәтіш шешеңе тартқансың» дейді. Ол кісі де уақытында он саусағынан өнер тамған адам болған екен, – деп, Бақыт анамыз әңгіме бастады.
Бақыт Құлымжанова 1956 жылы сол уақыттағы Ұлы Октябрь колхозында дүниеге келген. 1964 жылы Жіңішке фермасындағы мектеп табалдырығын аттап, орта мектепті «Қаратал» совхозындағы онжылдықтан тәмамдаған. Үлкен-дердің айтуы бойынша кеңес дәуірінде мектеп және жоғарғы оқуды бітірген, әскери борышын өтеп келген азаматтарды бірден жұмысқа орналастырып, мойнына міндет жүктеген. Бақыт апамыз да мектеп бітірісімен көппен бірігіп, комсомол-жастар бригадасын құ-рып, 2 жыл табан аудармастан мал шаруашылығының өркендеуіне ат-салысқан.
Кейін 1977 жылы Алланың қалауымен, дәм-тұздары жарасып, Сандыбай ағамызбен шаңырақ көтерген. Бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл ана.
Бүгінде төңіректегі ел киімі сетінеп, көрпе-жастықтарының өңі қашса, салған күйінде Бақыт апамызға апарып, дүние қатарына қосып қайтады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген емес пе?! Біз де алақандай мақаламызбен айнала ағайынға қол ұшын созып, қазақтың ұлттық бекзада өнерін дәріптеп жүрген жанды көпшілікке үлгі етіп көрсеткенді жөн санадық.