Қоғамдық қабылдау өтті

«Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халықтың әлеуметтік жағдайын ел билігі ең негізгі назарда ұстап отыр деп сеніммен айта аламыз. Себебі, бірінен кейін қабылданған әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалар ел халқының тұрмыс өресін өсіру үшін үлкен үлес қосуда. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдің кемел келешегін айқындайтын Жолдауларының өзі неге тұрады. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл тұрғыда елдегі бас партия – «AMANAT» партиясының алар орны ерекше. Мемлекет тарапынан талай жақсы бағдарлама жасалды деп жатырмыз, сол секілді «AMANAT» партиясы ұсынған игі бастамалар да аз емес. Мәселен, «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» атты төрт негізгі партиялық жоба дәл қазіргі таңда өзекті болып тұрған әлеуметтік жағдайларды шешуге бағытталған. «AMANAT» партиясы Ақтоғай аудандық филиалы ғимаратында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Кездесуге аталмыш аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Төлеген Таукеев, Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев қатысты. Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үйлер жанынан суағарлар жасау, кәріз жүйелерін жүйелі түрде тазалап тұруға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың да пікірі назарға алынды. Сонымен қатар, кездесуде ауыл жастары арасында кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған аудан әкімінің гранты және «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді. – Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Президент тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып табылады. Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы. «Халыққа көмек» жобасының мақсаты – мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық әлеуметтік көмекті Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы бір жерден әрі жедел түрде халыққа жеткізу. Партия бұл іске мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес қауымдастықты да жұмылдырып, олардың қызметтерін үйлестіруші рөлін атқарады. Біздің басты міндетіміз – халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету, – деді А.Аманжолов.

Гүлнар ЕЛЕУСІЗОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *