Pfizer туралы не білу керек?

COVID-19 — дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі — иммундау. Pfizer вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан бастап, жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жасөспірімдерге вакцинация жүргізілуде.

Pfizer вакцинасы үш санатқа жататын адамдарға: 12 жас пен 17 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанынан 42 күн өткен әйелдерге арналған. Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектеседі.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Pfizer өндірісінің вакцинасы минус 60-90 градус температурада облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында сақталады.

Білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пункттерінде күнтізбелік 31 күнге дейінгі мерзімге плюс 2-8 градус температурада сақталады.

Pfizer вакцинасын салдырғандар да ревакцинациядан өтуі керек, яғни үшінші доза салдырады.Pfizer вакцинасын салдырғандар алты айдан кейін ревакцинаға бара алады. Үшінші доза ретінде оларға инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник V) вакцина салдыру ұсынылған.

Біздің елде пайдаланылатын КВИ-ге қарсы вакцинаның құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан енгізілген вакцина КВИ-мен сырқаттануды тудыруы мүмкін емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір ғана бөлігі бар. Кейіннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл табиғи вирусты танып, оны жояды.

Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы мүмкін емес және КВИ-ге қарсы вакцина алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкін емес.

Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшей отырып, жасөспірімге медициналық қарап тексеру жүргізеді, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексереді және жалпы жай-күйін бағалайды.

Шағымдар мен клиникалық көрсетілімдер анықталған кезде жасөспірім қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жіберіледі. Көрсетілімдер бойынша салалық мамандардың консультациясына жіберілуі мүмкін.

Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер емдеуші дәрігерден консультация және рұқсат алғаннан кейін КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жіберіледі. Жасөспірімде созылмалы аурулар болған кезде, ремиссия кезеңінде вакцинация жүргізіледі.

Пфайзер өндірген вакцинамен вакцинациялау алдында:

  • Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі егілетін адамға тексеру және сұрау жүргізіледі;
  • иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егуді жүргізуге рұқсат ресімделеді;
  • егілетін адамға және/немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен иммундаудан кейін жағымсыз жайттар, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі;

Вакцинациядан кейін:

Вакцинацияланған адам вакцинациядан кейін 30 минут ішінде вакцинаны алған жерде медицина қызметкерінің бақылауында болады. Вакцинациядан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:

  • Инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шар-шағыштық, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, буын ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; аталған реакциялардың кейбірі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде ересектерге қарағанда біршама жиі кездескен;
  • инъекция орнындағы қызару, жүрек айну, құсу;
  • лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар және т.б.

Иммундаудан кейін жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.

«Пфайзер»өндірісінің вакцинамен вакцинациялау кестесі:

1 дозасы – кез келген нөлдік күн;

2 доза – бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен.

Вакцинацияның артықшылықтары:

  • Инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуының алдын алады;
  • егілгендерді ғана емес, айналадағыларды да (аға-інілер, апа-сіңлілер, туыстар) қорғайды;
  • «ұжымдық иммунитетті» қалыптастырады;
  • иммунизациядан кейін алынған «вакцинация паспорты» сіздің сапарыңызды жеңілдетеді.

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін 6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *