Президент пәрмені елімізді дамытуға арналады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бағытында ауқымды міндеттер жүктеді.
«Жаңа Қазақстан қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап бермес бұрын, еліміздің осы кезге дейінгі даму тарихына көз тастаған дұрыс. Әрібір саланың өкілі «Еліміз қарқынды даму үшін нені өзгерте аламын» деген сауалды өзіне қойған жөн. Әсіресе, тәуелсіз елде туып-өскен жастарға артылатын сенім мол.
Халық – қоғамның негізгі аспектісі. Елдің дамуын жоғарылататын да немесе тежейтін де – халық. Қазақстан азаматтарының арқасында ғана «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз. Ешкім бізге сара жол салып бермейді, өзіміз талпынуымыз қажет. Ешқандай дүниеден тыс қалмай, қоғамдық, рухани, әлеуметтік, экономикалық өмірге белсене араласу қажет. Яғни, ашық қоғам орнату арқылы азаматтық қоғамға аяқ басамыз. Белсенділік деген ұғымды қате түсінбеу керек. Көшеге шығып дау-жанжал шығару емес. Нақты іспен дәлелденуі керек. Сондай-ақ, экономика саласындағы реформалар жүйелі болса, қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсы болар еді. Мемлекет басшысының жолдауында айтып өткендей, көптеген реформалар өзінің мақсатына жете алған жоқ. Өйткені, жүзеге асатын мәселелер қарастырылмаған. Елде жаңа өзгеріс болуы үшін халықтың психологиясы өзгеоуі керек. Ал, «Жаңа Қазақстанды» құру жастардың қолында екенін айта кеткен жөн. Сондықтан, жастарға қолдау көрсетіліп, белсенді болуына мүмкіндік жасалуы қажет. Мұның барлығы жүзеге асуы үшін формальді болмауы өте маңызды.
«Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды» — деген президент осы жолда жауапкершілікті мойынына алуға дайын екенін жеткізіп, жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырды.
Осы кезге дейін елдің руханиятынан гөрі, экономикалық жағдайына ерекше мән берілгені рас. Көп жастың тілге, салт-дәстүрге, ұлттық менталитетке немқұрайлы қарайтыны да сондықтан. Ендігі кезекте ұлттық идеологияға ерекше мән беру керек. Сонда елге жанашыр, рухы биік, әділетті адамдар көп болады деген сенім мол.