ҚР Еңбекмині Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындады
ҚР Еңбекмині Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамтушараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады.
Тапсырмаларды орындау шеңберінде ағымдағы жылғы 7 ақпанда «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына және Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) өзгерістер енгізілді.
2016 жылғы бұйрыққа енгізілетін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған гранттар көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген.
Гранттар беру жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы барлығы 20 мың адамды гранттар мен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Қағидаларға енгізілген өзгерістермен жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сондай-ақ жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдерін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделеді.
Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді.
Ағымдағы жылы жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйымдастыру жоспарлануда.
МТСЗН РК исполнило поручения Главы государства
Министерство труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН) исполнило поручения Главы государства по увеличению эффективности мер занятости, оказываемых населению, данные Правительству РК на заседании Мажилиса Парламента РК 11 января 2022 года.
В рамках исполнения поручений 7 февраля т.г. внесены изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития РК от 14 июня 2016 года № 516 «О некоторых вопросах содействия занятости населения» и в Правила организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе (далее – Правила).
В рамках изменений в приказ от 2016 года предусматривается увеличение размера грантов на развитие бизнеса, выдаваемых молодежи и социально уязвимым слоям населения, до 400 МРП (в 2022 году – 1,2 млн тенге).
Выдача грантов обеспечит молодежь и социально уязвимые слои населения стартовыми средствами для открытия своего дела. Всего в текущем году грантами планируется обеспечить 20 тыс. человек.
Внесенными изменениями в Правила предусматривается увеличение размера заработной платы молодым специалистам, принимающим участие в молодежной практике и проекте «Первое рабочее место», до 30 МРП, а также увеличение сроков участия в молодежной практике и проекте «Первое рабочее место» до 12 и 18 месяцев соответственно.
Данные изменения окажут содействие в успешной адаптации и закреплении на рабочем месте молодежи по полученной профессии.
В текущем году на молодежную практику планируется направить не менее 22 тыс. человек, а также организовать участие в проекте «Первое рабочее место» не менее 3 тыс. молодых людей.
Құрметпен,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
баспасөз қызметі
С уважением,
пресс-служба
Министерства труда и социальной защиты населения РК
ҚР ЕХӘҚМ ресмиаккаунттары:/Официальные аккаунты МТСЗН РК:
https://www.facebook.com/enbek.gov.kz
https://www.instagram.com/enbek.press/
https://www.youtube.com/channel/UCR4RVBVn-HMQPkjJiN35UbA