Әрбір азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.
Сондай-ақ, Жолдауда Әділетті Қазақстан жайында көбірек айтылды. Өйткені, әділетті елдің жолында әрдайым мықты мемлекет тұратыны анық.
Экономикалық әлеуеті дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет, тиісті жалақысын алуы керек және ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс.
Кезекті Жолдау халықтың көңілінде жүрген мәселелердің түйінін тарқатты. Көптеген жақсы жаңалықтар айтылды. Енді ұрпағымыз мемлекеттің үлесін ала бастайды. Бұл дегеніміз мемлекеттің халыққа деген бетбұрысын көрсетеді.
«Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл халқымыздың мемлекетке деген сенімін арттырады. Мемлекетіміздің және қоғамның барлық саласы жаңғыруда. Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Бұл ретте еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда ауызбіршілігіміз қажет.
Т.Жармағанбетов,
«Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Ақтоғай ауданы қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *