ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ақтоғай ауданы көлеміндегі бөтеннің малын ұрлаудың алдын алу мақсатында барлық меншік объектілерін дүкендер, мекемелер, жанар-жағармай сату орындары, ақша төлемдерін қабылдайтын кассалардың техникалық беріктігі және дабыл құрылғыларының орнатылғандығы тексеріледі. осы талаптарға сәйкес емес барлық осындай орындарға дабыл құрылғысын орнатып, күзет және бейнебақылау қойып қауіпсіздікті күшейту керектігі ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мал ұрлығына қарсы аудан көлеміндегі ауылдық округ тұрғындары және шаруа қожалықтарының арасында, мал ұрлығының алдын алуға бағытталған малды таңбалау мен бағу керектігі айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шара аясында Ақтоғай ауданы бойынша мал ұрлығының алдын алу, болдырмау, мал ұрлығына байланысты қылмыстарды ашу мақсатында Ақтоғай ауданының ІІБ қызметкерлерінен топтар құрылып, көтерме тас жолдарына бекеттер қойылып және ауылдық округтерге қарасты қыстақтардағы, елді мекендердегі мал бағынының ұйымдастырылуы, түнгі мезгілде дұрыс қамалып, оның күзетілуін, мал қораларының есік-терезелерінің бекем болуын сонымен қатар ауылдық жерлерде мал иелері мен жалдамалы мал бағушылар арасында тиісті келісім-шарт жасалуы, жалдамалы мал бағушыларды, құжатсыз, жергілікті жерде тіркеусіз тұрып жатқан, тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды.

Ақтоғай АПБ жергілікті полиция қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *