ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығының артуына ықпал етеді.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие — барша халқымыздың табысты болашағының кепілі.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамның діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын ұлттық рухани құндылықтармен сусындатып, салт-дәстүрі мен мәдениетін жоғары ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуде отбасының маңызы зор. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.
Отбасының қалыптасуы, қоғамның қалыптасуына тікелей байланысты.Отбасындағы ұл-қыздарыңыз әке мен ана еңбегін биіктен көрсетер тұлға болып қалыптасып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқаратынына сенімдіміз. Мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!
Аудан әкімі С.Әбеуова
Аудандық Мәслихат хатшысы Р.Әбеуов