Сарышаған кентінде кәсіпкерлік нысандарының қатары артып келеді.
Сарышаған кентінде кәсіпкерлік нысандарының қатары артып келеді. Оған дәлел 2022 жылдың 13 қазанында жеке кәсіпкер М.Ж. Шоженовтың ұйымдастырыруымен Теміржол көшесінен ашылған заманауи үлгідегі қоғамдық монша. Айтулы шараға Сарышаған кентінің әкімі А. Тоимбеков, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары қатысты.
Талай жылдан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келген мәселе игі шешімін тауып, жергілікті ағайынның қолданысына беріліп отыр. Заманауи талаптарға лайықты салынған моншада жуыну құны да қолжетімді, сонымен қатар шай сусындарының, алкогольсіз сусындардың және табиғи шырындардың ассортименті бар шағын кафе ұйымдастырады. Алдағы уақытта моншаға керек-жарақтарды сату мен шаштараз қызметттерін ашу жоспарланған.
Жұмыс режимі: сейсенбі-жексенбі күндері сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін, дүйсенбі санитарлық күн.

