Сот жүйесін жаңғырту – заман талабы

Бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреген таңда Қазақстанда жүргізілген сот реформалары сот төрелігі жүйесін еліміздің азаматтары мен олардың талаптарына сай келетіндей етіп өзгертті.
Осы жылдар ішінде еліміздің сот жүйесіне реформалар жасалып, шетелдік озық тәжірибелер енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларынан да құқық қорғау саласы назардан тыс қалған емес. Соның ішінде құқық қорғау жүйесі, сот саласына айрықша тоқталып отырады.
Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың барлығы ел игілігіне қызмет етуде.
Мемлекет басшысы үшінші биліктің мәселесін ешқашан күн тәртібінен түсірген емес. Соның арқасында бүгінде сот жүйесі электронды іс-қағазына өтіп, халықтың ақпаратқа қолжетімділігі арта түсті. Сот залдары да заманауи ақпараттық технологиялармен толығып, аудиобейне қондырғыларымен жабдықталды. Сот шешімін шығарарда судьяның тәуелсіз болуы, сырттан жасалатын ықпалдардан қорғалуы төрелік алаңының таза ұсталуына, Қазақстанның қауіпсіз, әділ ел атануына ықпал етті. «Медиация туралы», «Алқабилер туралы» заңдардың өмірге жолдама алып, судьялардың Әдеп кодексінің тәжірибеге енгізілуі де бұл саланы алға жылжытып, азаматтарымыздың құқығының қорғалуын қамтамасыз ете түсті. Бүгінгі таңда Ақтоғай аудандық сотының сот залдары аудио және бейнежазу аппараттарымен толықтай жарақтандырылған. Сонымен қатар, істі қарау кезіндегі жазбаларды тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.
Ақтоғай аудандық сотында өткен жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Самат Рысжанов атқарылған жұмыстың нәтижелері, оның ішінде сот төрелігін атқару қорытындылары бойынша сала жұмысына сараптама жасады. Аталған мерзімде аудандық сотта 50 адамға қатысты 45 қылмыстық іс қаралып, 24 іс бойынша үкім шығарылған. 12 іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылып, 3 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданған. 27 іс мемлекеттік тілде қаралған. Жалпы өткен жылдың 12 айымен салыстырғанда аудан көлемінде қылмыстық іс 30-ға артқан.
Азаматтық істер бойынша 226 талап арыз және 72 материал түскен. 206 азаматтық іс қаралып, 7 талап арыз кері қайтарылған. 160 іс бойынша шешім шығарылған. 5 іс медиация арқылы қысқартылып, 3 іс басқа соттың қарауына жолданған.
Әкімшілік істер бойынша 107 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 83 тұлғаға әкімшілік 2324980 теңге айыппұл салынып, 47 адам әкімшілік тәулікке қамауға алынса, 1 адамға әкімшілік ескерту берілген. 2 адам автокөлік басқару құқығынан айырылды. 14 әкімшілік іс қысқартылған. 2021 жылдың 6 айында аппеляциялық сатыда өзгертілген және бұзылған істер болмаған.
Аталған кезеңде бұқаралық ақпараттық құралдарда соттың жұмысы туралы 2 мақала жарияланған. Аудандық сот мамандарының біліктілігін арттыруға, судьялар және мамандар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, судья мен мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтауға бағытталған оқу-семинарлар, дөңгелек үстел ұйымдастырылған.
Кездесу барысында сот төраға-сының міндетін атқарушы қойылған сұрақтарға жауап берді.
Думан ҚАБЫЛ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *