Тәуелсіздікке тағзым

Осы уақытқа дейін талай мәрте айтылды. Алдағы уақытта да айтыла бермек. Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Егемендік деген бір ауыз сөздің астында бір ұлттың тағдыры мен азаттыққа қол созған азаматтардың мехнатқа толы күрес жолы жатыр.
Қазақ қызыл империяның көлеңкесі түскеннен бастап, ғасырға жуық уақыт егемендікке қол созумен болды. Ел арасында халқының болашағына бас ауыртқан ерлер жұдырықша жұмылып, деміл-деміл бас көтеріп, қарашаны ұзын арқан, кең тұсауда ұстап отырған орыс билігіне қарсы шықты.

 

1986 жылы желтоқсан айының 16-18-і аралығында қазақ жастары Кеңес Үкіметінің отаршылдық саясаты мен әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдарын көрсетіп, қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістің соңғы нүктесін қойды. Осынау қозғалыс Қазақ еліне егемендік алуға бірден-бір себеп болды. Бүгінде аса үкен тебіреніспен еске алатын сол күндері қазақтың қаншама жалынды жастары қыршын кетті. Оны тарих беттерінен оқып біліп, көгілдір экран арқылы көріп, күні бүгін арамызда жүрген тірі куәгерлердің әңгімесінен қанықпыз. Бейбіт күннің ұрпақтары – яғни біз үшін шахид кешкен аға-апаларымыздың есімдерін естен шығармай ұлықтау, ерліктеріне тағзым ету перзенттік борышымыз.
Желтоқсанның 15-і күні аудан орталығындағы «Алаш алаңына» бір қауым ел жиналып, еңселі ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Шараға аудан әкімі С.Әбеуова мен орынбасарлары, бөлім-мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Жиналған қауым бір сәт үнсіздікпен ел ертеңі үшін шыбын жанын тәрк еткен батырлардың рухына тағзым етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *