Тұңғыш мектеп президенті
Елін қорғайтын ұрпақтың, халқының әлеуметтік жағдайы толғандыратын өскелең ұрпақты мектеп қабырғасында тәрбиелеу, бүгінгі күннің өзекті мәселесі . «Қошқар тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де ерекше тұңғыш мектеп президенті сайлауы өтті. Сайлауға Байжасар Айзерек, Мұқатай Нұрқаят, Қабылбек Ерасыл үміткелерлеріміз өздерінің бағдарламаларын ұсына отырып сайлауға түсті . Межеленген күні ұстаздар, оқушылар дауыстарын берді. Мұғалімдерден тиісті комиссия мүшелері сайлауды қорытындылады.Үміткерлердің ішінен Қабылбек Ерасыл Ернатұлы басым дауыс жинауымен президенттікке өтті. Мектеп тәлімгері Бақытжан Махамбетқызы лауазым иегерін оқушылар жиынында салтанатты түрде тағайындап, ақ жол тіледі . Мектеп ұстаздары Сайлаугүл Шүкіржанқызы, Тілеухор Құрлысқызы, Сәулегүл Нұрмұханбетқызы т.б әріптестер мен қатар 10 сынып оқушысы Марат Елдос тұңғыш президентімізге тілегін білдірді. Ерасылдың бағдарламасы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы, білімді ұрпақтың қолында» жолдауына сүйене отырып, Ерасыл« Президент болу оңай емес, ол үшін адамның бойында табандылық пен шыдамдылық , сарқылмас білім болуы қажет» деген ұранын ұстай отырып, бағдарламасында :
- Мектеп оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгерімін жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана мен оқушылар арасында «Алтын көпір» орнату;
- Мектеп оқушыларының үнемі салауатты өмір салтын ұстануы үшін түрлі насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мұқтаж жандарға үнемі қолұшын беру;
- Мектепте зерттеу жобалары мен дебат клубын жандандыру; Мектеп оқушылары алдағы уақытта мектеп президенті мен оқушылар өзін-өзі басқаруында жауапкершілікті сезініп, шешім шығаруына ұстаздар қауымы тарапынан қолдап, әрбір ісіне бағыт- бағдар беру .
Жоғарғы санатты педагог-психолог
«Үздік психолог» төсбелгі иегері
Шалшықбай Нұрғайша Сатыбалдықызы