Тағылым талбесіктен басталады

Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Ал, қазақ сонау қадым заманнан бұл мерекені тайлы-тұяғымен асыға күтіп, ерекше атап өткен. Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Аталмыш ұлы мерекеге орай аудан орталығындағы «Аққыз» бөбекжайында іс-шара ұйымдастырылды.


Қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері және ұлттық ойындарымен таныстыру арқылы шығармашылық жұмысқа тарту, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін арттыру. Жиылған қауым Наурыздың ерекшеліктерін көңілге тоқыды, санада қайта жаңғыртты. Тіпті, «Жұлдыз» ортаңғы тобында арнайы ұйымдастырылған «Текемет басу» рәсімі де әсерлі түрде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Байғаскина Құндыз әжеміз бастаған ата-аналар балаларға текемет басудың жолдарын көрсетіп, бәрімізді қуантты.
Текемет – киіздің бетіне көркемдеп түрлі ою-өрнек салып басылған үй бұйымы. Ол тек төсеніш ретінде қолданылған. Ертеде киіз үйдің еденінен сыз өтпеу үшін жерге шыпта ши төсеп, оның үстінен бетіне көркемдеп түрлі өрнек салып басылған текемет төселетін. Текемет көбінесе ақ немесе қара түсті болып келеді. Яғни, оның түсі қара түсті болса, бетіне тартылған ою-өрнегі ақ түсті, немесе керісінше, төсегі ақ түстен таңдалса, оюы қара түсті болады. Сонымен қатар, текеметтің өңін аша түсу үшін, оның қара немесе ақ түсті төсегіне түрді яғни, ою-өрнекті қызыл, сары, жасыл, күлгін түске боялған жүннен салған. Тәрбиеленуші балалар әже-аналарына арналған мерекелік ән мен биден шашу шашты. Ертеңгіліктің соңы түрлі ойындар мен «Қара жорға» биімен қорытындыланды. Әр баланың қойған қойылымдары, айтқан әндері мен билерінен ерекше дайындық көрінді. Тамашалауға келген біршама ата­-ана бала-ларының осыншама талантты екенін байқап, бір марқайып қалды.
А.Абдикаримова,
«Аққыз» бөбекжайы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *