Теңге – Тәуелсіздік тірегі

Осыдан 29 жыл бұрын 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасы қолданысқа еніп, төл теңгеміз айналымға шыққан болатын. Ұлттық ақшамызды енгізу – тәуелсіздігіміздің қалыптасуына, егеменді ел үшін ұлттық нарықтық инфрақұрылым құруға, сондай-ақ өздігімен ақша-несие саясатын, бюджет-салық саясатын, сәйкесінше макроэкономикалық тұрақтандырудың тиімді саясаттарын жүргізу сияқты қажетті де маңызды алғашқы қадамдарын жасауына мүмкіндік берді.

Тәуелсіз еліміздің ашылған жарқын беттерінен төл теңгеміздің де нышаны бүгінде айқын көрініп тұр. Ресми тарихы Мемлекет басшысының 1993 жылдың 3 қараша айындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығынан басталған ұлттық теңгеміз одан беріде бірнеше сатыдан өтті. Десек те, мемлекетіміздің жыл санап артып келе жатқан экономикалық қуаттылығы теңгенің болашағына сеніммен қарауға жетеледі.
Еліміздің қаржы секторында өзінің даму та-рихымен ерекшеленетін қаржы орталықтарының бірі – Қазақстан Халық Банкі.
Қазір республиканың алыс-шалғай өңірлерінде аталған банктің бөлімшелері халыққа қызмет көрсетіп, елдің негізгі жинақ ақшаларының сақталатын орны болумен қатар, онда тұрғындарға бірнеше қызмет түрлері ұсынылады.
Қазақстан Халық Банкінің тарихы, бұл республика аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы болып табылады. Ең алғаш рет 1923 жылы Ақтөбе қаласында қаржылық қызмет көрсету орнының ашылуымен жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталған болатын. Ал, 1992 жылы елімізде жинақ банкі құрылып, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

 

Қазақстан Халық Банкінің міндеттері – зейнет-ақы, жалақы төлеу, салықтық коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу кассалық қызметін көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғаларға несие беру және депозит ашу болып табылады.
Қазіргі таңда «Халық» деген атауы бар қаржы орталығы еліміздегі аса ірі қаржы тобы ретінде мәлім. Оның құрамында сақтандыру, инвестициялық банкинг нарықтарының жетекшілері, телекоммуникациялық, лизингтік және инкассаторлық компаниялар мен банкінің жер-жердегі бөлімшелері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жылдар бойы банк жұмысы қарқынды дамып келеді.
Қазақстан Халық Банкінің Ақтоғай ауданы бойынша №27 дербес сервистік орталығы өңір халқына қызмет көрсетеді. Осы бөлімшеде жоғарыда аталған барлық операциялар түрі халыққа көрсетілуде. Мұнда өз ыңғайыңызға қарай депозит түрлерін ашуыңызға болады. Депозит ашамын деген адамға өзінің ыңғайына қарай «Әмбебап», «Оңтайлы» және «Максималды» депозит түрлерін таңдауына болады. Сонымен қатар, интернеттің дамыған заманында үйден отырып-ақ, арақашықтыққа қарамай, «Интернет банкинг жүйесі» арқылы өзіңіздің карточкаңызды пайдаланып, біраз операциялар түрлерін жүргізе аласыз. Қосылу тегін. Шалғай жерлерде тұратын тұрғындарымыздың қолдануына өте ыңғайлы жүйе – интернет банкинг. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Halykhomebank қосымшасы арқылы кез келген төлем жасап, Айфон 14 ұтысына қатысуына болады. Ұтыс әр апта сайын ұйымдастырылады. Және де Halyr QR6 Halyk Pos арқылы төлем жасап, 5 пайыз бонус алуға болады.
Біздің аудандық бөлімшеде тұтастай жас мамандар еңбек етеді. Әріптестерімнің барлығы да өз істерінің білікті маманы. Атап айтсам, аға менеджер Төкешова Айнара, бақылаушы-кассирлер Шернияз Серікжан, Серікбай Олжас, банк кеңесшісі Аман Нұрсерік жұмыс жасап келеді.
Мерейлі мереке қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, әріптестерімді осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне күш-қайраты мен жалынды ғұмырларын арнаған ардагерлерді шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін.

Жанель Далабаева,
Халық Банкінің Ақтоғай ауданы бойынша №27 дербес сервистік орталығының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *