Үздік педагог 2021

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы ойшыл Абай Құнанбаев айтқандай, жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз. Ұстаздар мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек республикалық «Үздік педагог 2021» облыстық кезеңінің 14 жеңімпазын марапаттады. Жеңіпаздардың бірі Ақтоғай ауданының Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары санатты, отыз жылдан астам тәжірибесі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимбекова Гүлнар Оралқызы. Жоғары дәрежеде өткен бұл кездесуде үздік педагог облыс әкімінің қолынан  ақшалай сыйақы алды.

«Ия, еңбегімнің зейнетін көрер шақта осындай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. «Сабақтардың сабағы –әдебиет  пен тіл,-дейді. Талай жылғы маңдай тер еңбегімнің өтеуі  мені  осындай қуанышқа кенелтті. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мырзаның жылы қабылдауы ерекше сезімге бөлеп,  сол кезде ауданымыздың  мерейін асқақтатып тұрғанымды қатты сезіндім. Мені  ауданның «қазақ тілі ханшайымы» деп айдар таққан әріптестеріме, үкілеп жарысқа қосқан аудандық  білім бөлімі ұжымына, тілеуімді тілеп тақымдарын қысқан мектеп ұжымыма алғысым шексіз»-деп Гүлнар мұғалім алғысын білдірді.

«Алты алаштың басы қосылса төрдегі орын ұстаздікі!»  екенін ерен еңбегіңізбен дәлелдеп жүрген сіздей білікті, тәжірибелі педагогты  білім бөлімі атынан құттықтай отырып, сізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *