Жүйелі жұмыс жемісін береді
Жер-жерде әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары жалғасуда. Бұл үрдіс билік пен бұқараны жақындастырудың тиімді де тікелей жолы.
Бұқара мен билік арасындағы кезекті сапар Ортадересін ауылдық округінен бастау алды. Келелі кеңесті аудан әкімінің орынбасары Қ.Қошантаев ашып, жүргізді. Ауылдық округ әкімі С.Кркруов өзінің атқарған жұмысының жылдық есебін беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы ауыл халқына есеп берді. Ауылда ауыз толтырып айтарлықтай біраз жұмыстар жасалынған. Біраз уақыттан бері халық сұранысына ие болып жүрген әкімдік ғимаратына жөндеу жұмысы жүргізілген, заман талабына сай жылыту қазандығы орнатылған. Әкім есебіне сүйенер болсақ, округке қарасты 68 шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар екен. Әр шаруа қожалығы уақыт талабына сай шаруашылыққа қажетті техникаларын, мал көбейту мақсатында несиелерін алып, шаруашылықтарын дөңгелетіп отырған жағдайлары бар. Ауылда үш кәсіпкер әлеуметтік бағада тауарларын сатып отырса, 2 азамат қайтарымсыз несие алып, жұмыстарын бастап жатыр екен. Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе білім десек, орта мектеп толықтай кадрмен қамтылып, қыз- мет көрсетуде. Ауылға биылғы оқу жылында 4 жас маман «Дипломмен – ауылға» бағдарла- масы бойынша жұмысқа орналас- қан. Есеп беру жиынында өткен жылғы көтерілген мәселелердің орындалысы тілге тиек етіліп, ауыл басшысының есебіне тұрғындар қанағаттанарлық деп баға берді.
Шашубай кенті әкімінің кент тұрғындарымен кездесуде кент әкімі Д.Серіков 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, 2022 жылғы жұмыс жоспары туралы кент тұрғындарымен бөлісті. Келелі кеңеске аудан әкімі С.Әбеуова, аудан әкімінің орынбасары Қ.Қошантаев, аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов, аудандық «НұрОтан» партиясының бірінші орынбасары Т.Таукеев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Түкбаева және тиісті мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кент әкімінің 2021 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму бағдарламасының орындалысы туралы есебі тыңдалды. Кент әкімі Д.Серіков Шашубай кенті бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін айта келе, 2022 жылы атқарылатын шараларға да тоқталды. Ақпардан соң кент тұрғындары Ш.Жукенова, Қ.Ка- рабалиндер – Б.Ихамбаев, Ж.Ақбергенұлы және «Алтын», «Нарманбет» шағынаудандарының көшелерінде балалар ойын алаңы жоқ. Биыл орнатылады ма? Сол аудандарда суару жүйесі де жоқ. Суару жүйесі өткізіледі ме? Ауыз су резервуарын қалпына келтірудің екінші кезеңі қашан аяқталады деген сұрақтарын қойса, А.Амирханов, А.Мұхаметжановалар: – Ж.Ақбергенов көшесіндегі 2 үй нашар жылытылады, көмірдің сапасы нашар, жалпы көмірге қосымша субсидия бөлінеді ме? Полиция ғимараты маңындағы Жағалау көшесіне асфальт төселеді ме? Біздің кентімізге қызмет көрсету бойынша «СуЖылуТранс» ЖШС-мен келісім- шартқа отыру мүмкіндігі бар ма? Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі 2 үйдің артында түсініксіз құбыр жүргізілген, өйткені бұл құбырдан үнемі су ағып тұрады, қыста мұз пайда болады, жазда балшық пайда болады. Емделуге жолдама алу қиын, деген мәселелерді тілге тиек етті. Е.Сериков: – КСС (кәрізсу сору станциясы) қашан орнатылады? Экологтардың жауабы қандай? «Береке» дүкенінің, емхананың және «Шашу» демалыс үйінің жанындағы кәріз желілері қашан жөнделетінін сұрады. Б.Опабекова, Д.Артықбаева неліктен церебральды сал ауруы бар баланы оңалтуға тегін жолдама алу қиынға соғады? Неге әлі күнге дейін тегін дәрі-дәрмек ала алмай отырғандығын айтты. Мінберге көтерілген кент тұрғыны Ф.Кукушова: – Ауыз су резервуарын қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады? Кенттегі суару жүйесі қашан қалыпқа келеді? Шашубай кентін Балқаш қаласына беру мәселесі қандай деңгейде тұр? Тағы бір тұрақты автобус қосуға немесе қазіргі автобустарды сыйымдылығы 30-35 жолаушыға дейін көлемді автобустарға ауыстыруға бола ма? Бюджет қаражаты есебінен дәрі-дәрмектерді дәріханаға жеткізу мәселесі шешіле ме? Жауапты басшылардан «Шашубай алаңы» жалпы чатының Whatsapp мессенджеріне келіп түскен сұрақтарға уақытылы жауап беруді кент тұрғындары атынан сұрады. Сөз алған С.Кусаимов, А.Апееева, Б.Калиева, Қ.Тюльбаевалар мемлекеттік порталға қалай тіркелуге болады, бүгінгі уақытта ТЖ қызметі үйлерге тексеру жүргізеді ме, Ғарышкер көшесі №2 үй төбесінде орнатылған антена денсаулыққа зиян әкелетіндіктен, алып тастауды өтініш етіп жеткізді. Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі С.Әбеуова тұрғындар тарапынан түскен барлық ұсыныс-тілектерді ыждахаттылықпен тыңдап, кейбір сауалдарға сол жерде тиісті мекеме басшыларымен бірлесіп жауап беріп, айтылған ұсыныстардың шешуін табуға жұмыс жасайтынын айта келе, жиналған тұрғындарға еңбекте табыс, отбасыларына амандық тілеп, сөзін аяқтады.
Тораңғалық ауылдық округінде биыл сайланған әкім Ардақ Боран ақпар жасап, атқарылған істер мен алдағы міндеттер жайлы халықты хабардар етті. Тораңғалық ауылдық округі – Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы тұрақты, ауыл шаруашылығы, туризм саласына бет бұрып отырған іргелі ауылдардың бірі. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде біршама жұмыстар атқарылған. Атап айтар болсақ, елді-мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша 1000,0 мың теңге бөлініп, толықтай елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша 1 459,0 мың теңге қаржыға ауыл іші мен ауыл аймағы, көл жағалауы және уақытша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару орны толық тазартылды. Ауылда шағын футбол алаңы орнатылып, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге де баса назар аударылып, жұмыс жүргізілген. Ауылдық округте шағын және орта бизнесті дамыту, бағаны тұрақтандыру жұмыстары да халық көңілінен шығуда. Осы жылы, яғни 2022 жылы көл жағасына тағы екі демалыс кешені салыну жоспарлануда.
Құрылыс, коммуналдық сала бойынша да ауылда жанды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандық «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансына берілген. Алдағы уақытта құжаттары дайындалып, аукцион түрінде хабарлама беріліп, саЖалғасытылымға шығарылып, көп жылдан бері шешімін таппай жүрген иесіз үйлердің сұрағы толық, түбегейлі шешімін тапқанына халық алғыстарын жеткізді.
Атқарылған істен алда атқаратын жұмыс көп. Алдағы жылдың жоспарын бекіткен тораңғалықтықтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп жұмыс жасай беретіндіктеріне, елдің қамы үшін ауылдың түтіні түзу шығу үшін сөз алған Г.Түйтебаева, Ә.Бірлес, М.Шынақ, Г.Тоқтаубаевалардың қойған сауал, көтерген мәселелерінен ұғындық.
Бұл күнгі есептік кездесу Тасарал ауылдық округінде жалғасты. Ауылдық округ әкімі Н.Сеитов өткен жылдағы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ауыл басшы-сының есебінен мемлекеттік бағдарлама-лардың орын-далысы, оның ішінде ауылдық округ әкімінің қызметін қам-тамасыз ету, елді мекен көшелерін жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру аясында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалынған. Кәсіпкерлік, ветеринария, жұмыспен қамту, денсаулық, білім, жастар саясатында да ауылдағы жұмыстар жоспар бойынша рет-ретімен жүріп жатқандығын жиынға қатысқан көпшілік пікірінен ұғындық.
Ауыл халқы биылғы әкім сайлауында өздері қалап, қайта сайлаған әкімдері Нұржан Сәулебайұлының есебіне қанағаттанарлық деп, жоғары баға бергендігін түсіндік. Дегенмен, елді мекен болған соң, оның өзіндік мәселелері де болады. Жаңадан ашылған шаруа қожалықтарына тоқ тарту қашық әм қиын болғандықтан, күн көзінен қуат алатын панель алуға субсидия қарастырылса, пайдаланылмай отырған жерлер заң жүзінде қайтарылса, тұщы су қондырғысын тоқ күші көтермей, екі рет жанып кетті, ескірді. Ендігі кезекте жаңадан су қондырғысын алуға көмектессеңіздер, ауылда бала саны артып келеді, балабақша ашылса — деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Сарышаған. Есептік кездесу 11 ақпан күні Сарышаған кентінде жалғасты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарышаған кентіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен тапсырмалардың орындалысы туралы кент әкімі А.Тойымбеков ақпар жасады. Ақпардан соң тұрғындар Е.Сейлбек, А.Аргинова, А.Адилсейтов, Ш.Мухашев, Н.Ибрагимов, Д.Жалмағанбетов, М.Смагулова, Т.Оспанов, Г.Жантелова, А.Шокпарова, Р.Зарубекова, Г.Жазыков, Б.Тулеубеков, С.Медиев, А.Садыровалар: – Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қосымша үйірмелер ұйымдастыруға ЖОББ мектептің спорт залын жалға алуға аудандық білім бөлімінен рұқсат берілсе, кент кәсіпкерлеріне тоқсандық, жылдық есепті қалай тапсыруды және қандай мемлекеттік бағдарламалар бар екенін тиісті мамандар үйретсе, «Айгөлек» балабақша бөбекжайы қызметтерінің тарифі 12 000 теңгені құрайды. Басқа ауылдық округтермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат, ауылдық жерде тұрғанымыз үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Жаз айларында көппәтерлі үйлердің 5 қабатына су көтерілмейді, насос қойылса, ҚТҚ төгетін полигон орны ашылып және қоқыс шығаруды аптасына 2 рет ұйымдастырса деген ұсыныстар айтылды.
Кентте тоқтың тариф құны 22 теңгені құрайды, ол халықтың қалтасына салмақ түсіруде, арзандату жағы қарастырылса, ҚТҚ төгетін техника сатып алынуын сұрады. Сондай-ақ, кенттегі мектеп пен балабақша сыйымдылығы жетпейді, жаңадан балабақша құрылысын салуды жоспарға қойса деген пікір де айтылды. ФОК құрылысы мәселесі, көше жарықтары мен жол белгілері де халық сұранысын туындатты. 2022 жылы Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысына берілген тізімге сәйкес су сору станциясына, кәріз су сору станциясына қажет құрылғылар алынып берілсе. Кентте 3 тұщы су контейнерлері бар, олардың техникалық қызмет көрсетуін кім бақылайды және кім жүргізеді деген сауалдар туындады. Сарышаған-Приозерск арасында қоғамдық көлік жүргізілсе деген ұсыныстар айтылды. Үш сағатқа созылған есептік кездесуде кент тұрғындары өздерін мазалайтын көкейдегі біраз сұрақтарды қойды.
Тиісті мекеме басшылары келелі кеңеске қатысқандықтан, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, күрделі сауалдар басшылық назарына алынды. Алдағы уақытта шешімі қарастырылмақ. Сонымен қатар, жиын соңында аудан әкімі С.Әбеуова кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Осындай маңызды жиын Қараменде би ауылдық округінде өтті. Жергілікті халық алдында ауылдық округ әкімі Қ.Азиров атқарылған істер мен алдағы жоспарларға кеңінен талдау жасай келе, округте бүгінде 435 тұрғын тұрып жатқандығын, 38 шаруа қожалығы еңбек етіп, кәсіпкерлік кеңінен қанат жайғандығын тілге тиек етті.
Ауыл әкімі Қ.Азиров әкімшілік ғимаратының сыртын қаптау, Қуаныш ауылының паркін жаңарту, Ақтас елді мекенінің кіре берісіне арка орнату жұмыстары қолға алынатындығын айтты. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өз ісін ашуға бел буғандарға, үкіметтік бағдарламалар шеңберінде барынша көмек берілетіндігін де сөз етті.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары атқарылып жатқан істерге ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Е.Мұңайтпасов, ауыл тұрғындары М.Мұхтаров, Қ.Игенбеков мал қорымының керектігін, жол мәселесі сынды бірқатар түйінді түйіткілдерді алға тартты. Жиынға қатысқан аудан әкімі С.Әбеуова тұрғындардың кейбір сауалдарына нақты жауап беріп отырды.
Сейсенбі күні Нүркен ауылдық округінің әкімі Ж.Құбайбергенов ауыл тұрғындары алдында жылдағы үрдіс бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар, 2022 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде және алда тұрған міндеттер жөнінде өз есебін берді. Өткен есепті жыл ішінде ауылдың әлеуметтік, экономикалық даму көрсеткіштерімен танысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, бірқатар мәселелер көтерді. Жиын соңында ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы М.Шоханов ауыл әкімінің атқарған жұмыстарын айта келіп, әкім есебіне қанағаттанатындығын білдірді.
Бұл күні Сарытерек ауылдық округінің әкімі Қ.Серкебаев елді-мекен тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар жайында сөз етті. Ауылдық округ әкімі баяндамасында айтып өткендей өткен қоғамдық жұмысқа 11 адам қамтылып, 1 жұмыссыз адам «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсынан өткен. Сарытерек ауылына 250 кВт – тық КТПН және 18 бағанымен 200 Вт диотты көше шамдары орнатылған. Сонымен бірге ауыл азаматтарының көмегі арқылы, бұрынғы жылдары орнатылған қазіргі уақытта істен шыққан күн нұры шамдарын біркелкі Ақшкол көшесінің жол бойына орнатып, бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес «Бизнес бастау» курсын тәмамдаған, жұмыссыз азаматша Л.Жакупова 4 млн.теңге, жеке кәсіпкер 11 дана көше шамдары орнатылыпты. «Жеңіс» саябағының жанынан балаларға арналған ойын алаңы орнатылып жұмыстар толығымен аяқталған.
–2021 жылға жоспарлан-ған салық түсімдері толық орындалды. Округ бойынша 42 жеке кәсіпкер және 68 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 12 шаруа қожалығы асыл тұқымдық түрлендіру А.Токтаева 3 млн 500 мың теңге, А.Дәуренбек 6 млн теңге, «Жаухар» шаруа қожалығының жетекшісі Е.Саттарбек 6 млн теңге «Игілік» бағдарламасы бойынша несие алды, — деп сөз сабақтаған ауыл басшысы округ бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды әр сала бойынша егжей-тегжей баяндады.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды.
Өткен жылдың жұмыстарын қорытындылаған ауыл әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі Кежек ауылдық округінде жалғасты. Басқосуда ауылдық округ әкімі М.Мәкенбаев жалпы ауылда жасалған жұмыстарды саралай келе, алда тұрған негізгі келешекке межеленген міндеттердің де жайы қамтылған баяндамасын халық назарына ұсынды.
–Аудан әкімінің ауыл әкімдеріне берген тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар жасалды. Ауылдағы мал басы жүз пайыз бірдейленіп, компьютерлік дерекқорға енгізілген. Ауылдық округ бойынша орта мектеп, клуб үйі, кітапхана, фельдшерлік пункт, пошта және учаскелік полиция халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бүгінгі күні жалпы ауылда 36 шаруа қожалығы және 2 ЖШС тіркелген. Ірі қара малының өнімділігін, еттік бағыттағы әлеуеттілігін арттыру мақсатында 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды аталық бас әкеліп, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Ауылымыздағы «Бейбітшілік», «Бейбіт» шаруа қожалығы 2 шөп баулағыш, «Ерулан» шаруа қожалығы көп салалы жүк тиегіш, және «Саяхат» шаруа қожалығы шөп шалғы сатып алды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Ерулан» шаруа қожалығы 4 млн теңге несие алды. «Globol Beef Productst» ЖШС «Аграрлық несие корпорациясынан» «Кең дала» бағдарламасы бойынша 26 млн 261 мың теңге несие рәсімдеп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізді. Ал егін шаруашылығына келсек, өткен жылы егілген егіс көлемі 380 гектар. Ауылда телефон байланысы тұрақты жұмыс жасап тұр. «Билайн» ұялы байланысы, вай-фай желісі арқылы таратылатын талшықты оптикалық интернет қалыпты жұмыс жасап тұр,-деген ауыл басшысы алдағы уақытта атқарылар жұмыстарға да тоқталып өтті. Әкім баяндамысында айтып өткендей «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыз су мәселесі оң шешімін тапқан.
Жиын соңында аудан әкімі С.Әбеуова атқарылған жұмыстар ауқымды, алайда алдағы міндеттердің одан да басым екендігін атап өтті.
Сонымен қоса әкімнің кезекті есеп беру жиыны Жидебай ауылдық округінде де өтті. Кездесуді аудан әкімі ашып, Жидебай ауылдық округінің әкімі М.Төлепбеков өткен жылғы жасалған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы баяндады. Ауылда бұрынғы жылдарға қарағанда ілгері жылжыған шаруалар көп. Сондықтан халық келешекке сеніммен қарайды. Бұрынғыдан төрт түлік мал басының саны өскен.
Баяндама тыңдалған соң сөз алған ауыл тұрғыны И.Алтынбеков: – Ауылымызда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаның өздеріңіз білесіздер. Өз ісін ашамыз деген жастарымыз шағын несие, аудан, облыс әкімінің гранттарын алып кәсіптерін ашып жатыр. Ауылымызда мал өнімділігін арттыруда төрт түлігін асылдандырып, үкімет ұсынған тиімді бағдарламалар арқасында техникаларын жаңалап жатқан шаруаларымыз да бар. Мұның бәрі ауылымыздың ілгері қадам басуының көрінісі екені даусыз. Өткен жылдың қортындыларын таразылай отырып, алдағы атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын бағамдаған М.Төлеубековтің есебін қанағаттанарлық деп баға беремін – деді.
Әрмен қарай ауыл тұрғындары Р.Әтембеков, Р.Әлиакпар ауылдық округтегі мал басының өскендігіне байланысты елді мекендегі төрт түлікке жердің аздығын, өзен арнасын қалпына келтіру, денсаулық мәселесі, Үшарал, Жалаңаш елді мекендеріндегі ауыз су мәселесі шешімін тапса деген ұсыныстарын тілге тиек етті.
Жиынды қортындылаған аудан әкімі С.Әбеуова ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектері ескерілетінін жеткізді.
Материалдарды дайындағандар: Г.Елеусізова,
Д.Қабыл.