Жұртшылықты жарылқаған жәрмеңке

Қараша айының 12-ші жұлдызында Қарағанды қаласындағы «Глобал Сити» сауда алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке болып өтті. Аймаққа қарасты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары ала жаздай баптаған өнімін қала тұрғындарына ұсынды. Баға әдеттегі нарықтан төмен әрі өнім түрлері сапалы. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі де осы.
Қала халқын сапалы, арзан өніммен жарылқаған шараға Ақтоғай ауданы да жоғары ұйымшылдықпен атсалысты.

 

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Н.Жаңабергеновтың айтуынша, бұл күні өңірге қарасты Қызыларай, Кежек, Айыртас, Ақтоғай, Нүркен, Жидебай, Сарытерек, Қараменде би және Шабанбай би ауылдық округінен «Қасымбек», «Еркебұлан», «Эльдар», «Қаһарман», «Қарашілік», «Мағжан», «Бөріғұл», «Бекзат», «Аманкелді» шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер «Әбдіразақов», «Амина» 34 ірі қара, 7 жылқы, 7 қой еттерін саудалаған. Сондай-ақ, Тораңғалық ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Саламат» әкелген 500 келі балық та өз аларманын тапты.
–Жалпы жәрмеңкеде сиыр еті – 2000 теңге, құс еті – 1000-2700 теңгеден саудаға шығарылды. Халық сұранысына ие болған сары май – 4000 теңге, картоп – 100 теңге, сәбіз бен қырыққабат – 80 теңге. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмендетілген бағамен сатылып жатқандықтан, қала халқынан сұраныс бар. Әрі бұл халық тұтынатын негізгі тауарлар бағасын ұстап тұруға, яғни бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді, – дейді Н.Жаңабергенов.
Д.Бақыш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *