Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!
29 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына эксклюзивті сұхбат берді. Онда Президент елімізде орын алған оқиғаларға байланысты өте өзекті деген мәселелерге тоқталып, елдік мұраттарды әрдайым биік қоятынын айтып, салиқалы пікірін білдірді. Соның ішінде террорлық актке қарсы күрес туралы да әңгіме қозғай кетті.
Бүкіл елдің жауапкершілігі Президенттің мойнына артылғаны рас. Осынау сындарлы сәтте Мемлекет басшысы батыл қадам жасады деп есептейміз. Себебі, бұл оқиға мемлекеттігімізге қауіп төндіріп тұрған еді. Түптеп келгенде, елдің территориялық тұтастығы жөнінде де алаңдаушылық туғызды. Сондықтан да, Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы дер кезінде шешім қабылдады.
Жалпы, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиға елімізге ауыр тиді. Дегенмен, бүкіл Қазақстан халқы «қайғылы қаңтар» оқиғасының салдарын жоюда күш біріктірді.
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың табанды және уақытылы жүзеге асырған шешімдерінің, сондай-ақ қазақстандық- тардың бірлігі мен татулығының арқасында біз тарихымыздағы күрделі кезеңді еңсере алдық.
Бүгінде біз еліміздің экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын терең құру процесіне – жаңа Қазақстанды құру мен дамыту кезеңіне аяқ басудамыз. Президенттің осы маңызды және уақытылы бастамаларын қолдауымыз қажет. Ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты және гүлденген елге айналдыратынымызға нық сенімдіміз.
Көпшілікке белгілі, Мемлекет басшы- сының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды, бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады.
Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсысымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтап, жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!
Н.Сеитов,
Тасарал ауылдық округінің әкімі.