Жаңа әкім сайланды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округінің әкімі болып Мурасов Аскар Какимович сайланды. Мурасов Аскар Какимович 1973 жылы 28 қыркүйекте Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылында дүниеге келген. 1997 ж. Щучинск қаласындағы «Бурабай агротехникалық колледжін», 2008 ж. Көкшетау қаласындағы «Көкшетау университетін» орман шаруашылығы технигі, орман шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1991-1993 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1993-1994 жылдары «Қаратал» ауыл шаруашылығы кәсіпорнында жұмысшы; 2004-2014 жылдары «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» КММ орманшысы; 2016-2020 жылдары «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» КММ орман шебері; 2020 жылдан «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» КММ директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *