Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман

Жастар – ертеңгі елдің шамшырағы. Сол себепті, елімізде жас мамандарға ерекше ден қойылуда. Әсіресе, білім беруде нәтижеге жету оңай емес. Себебі, оның міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен айналысып, өз біліктілігін дамытып отыруы қажет. Осы орайда, 6 наурыз күні Қосымша білім беру орталығында ауданның білім бөлімінің басшысы Айдос Кәріғұлұлы жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты кездесу өткізді. Кездесуге ардагер ұстаздар және ауданға қарасты білім беру ұйымдарындағы жас мамандар қатысты.


Еркін форматта өткен кездесудің мақсаты ауданымыздың білім саласында үлгілі қызмет атқарып жүрген жастарды одан әрі ынталандыру, мұғалімдердің қоғамда алар орындары бөлек екендерін жеткізу болды. Кездесу барысында Айдос Кәріғұлұлы: – «Жас келсе – іске» деген дана халқымыз жастарымызға әрқашанда сенім артып, қолдау көрсетіп отырған. Ел болашағы жастарымызға жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру – мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарының бірі. Бұл кездесулер алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, жас маман альянсы құрылу жоспарлануда, – деп ұстаздардың ой-пікірін тыңдап, келелі сұхбат құрды.
Сонымен қатар, ардагер ұстаз Гүлнар Рахимбекова жас мамандарға аға ұрпақ өкілі ретінде өсиет тілегін және жылы лебізін білдірді.
Кездесу соңында білім бөлімінің басшысы білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктерге жеткен ұстаздарды марапаттап, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Думан ҚАБЫЛ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *