«Жасыл ел» – жастар тірегі

«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Уа­қыт өткен сайын жалпыұлт­тық ба­с­тамаға үн қатып, қолдау біл­діру­ші студенттердің, жалпы жас­тардың қатары артып келеді. «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» немесе «бір тал кессең, он тал ек» деп ата-ба­ба­мыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Қай дамыған мем­лекетті алып қарасаңыз да, жас­тардың белсенділігі өте жо­ғары еке­нін көріп, бар шаруа жас­тардың жұ­мыла қатысуымен бітетіні бел­гілі. Бұл бағдарламадағы басты ба­ғыт – табиғатты қорғау, экология­ны сақтауға ғана емес, жас­тардың тәр­биесі мен еңбекке баулу. Ағымдағы жылы ауданымыздың Шашубай және Сарышаған кенттерінде де маусымдық «Жасыл елдің» сарбаздары өз жұмысын бастаған еді. Бү­гінде кент жастары осы бағ­дар­ламаның іске асуына барынша атсалысуда. Аталмыш бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген Сарышаған кентінің жастары бүгінгі күнге дейін Балқаш көлінің жағалауын және қоныстағы барлық көше­лер­дің бойын күл-қоқыстан тазарту, жасыл желектерді суару сынды жұмыстарды атқарып келеді. Сарышаған кенті әкім аппаратының бас маманы Т.Қайранбекова аталмыш жұмысқа тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар, жұмыссыз жастар да жасаққа шақырылғанын атап өтті

— Бұл да жұмыссыз­дықтың азаюына өзіндік септігін тигізері анық. «Жасыл ел» – тек пат­­риоттардың, елін сүйетін аза­мат­тардың орны. Әр адам өз ауылының патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қа­зақ­тың, ел бо­лашағы болып саналатын жас­­тар­дың міндеті. Со­ндық­тан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Қонысымызда құрылған «Жасыл елдің» сарбаздары кент тұрғындары арасында індеттің алдын алу, қорғану және жаппай вакцина алудағы ақпараттық насихат жұмыстарын ұйымдастыруда да белсенділік танытып келеді-дейді.

Иә «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз өзек­­тілігін жоғалтқан емес. Қо­­ғамға, өз ұлтына пайдасын тигі­зер кезде аянып қалмайтын жасақ­шыларымызға алдағы уақытта сәт­тілік тілейміз.

Манаргүл МҮТӘЛІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *