Жолдаудың мән-маңызы айрықша
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы ерекше болды. Жолдауда ел тұрғындарының көкейінде жүрген алуан түрлі сауалдарына жауап берді деп ойлаймын. Менің көңілімнен шыққаны – Ұлттық құрылтайдың құрылатындығы, адам құқықтарының қорғалуы. Қазірдің өзінде ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асуда. Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамаларды іске асыру үшін
Конституцияға 30-дан астам өзгертулер енгізіледі. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім. Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын.
Р.Бокишев,
Сарышаған кенті тұрғыны, ұстаз.