Өзін-өзі басқару – игі өмір бастауы

Білім стандарты

Егеменді еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде.

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында «Мектеп парламенті» білім алушыларының өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрғаны анық.

11 қыркүйек күні К.Байсейітова атындағы тірек мектебінде 7-11- сыныптар арасында 127 оқушы парламенттік фракциялардың президентін сайлауға қатысты. Мектептің ең үздік, белсенді, шығармашыл оқушылары Тұрсынбек Нұрсәт, Сакитай Нұрлан, Мекен Ерасыл үміткер ретінде өз бағдарламаларын ұсынды. Сайлау жұмыстары барлық санитарлық талаптарға сәйкес кезең-кезеңмен, үзілісте ұйымдастырылды. Оқушылардан құрылған комиссия мүшелері сайлаушыларға бюллетеньдерін беріп, бақылаушылар сайлау кезінде тәртіп бұзушылықтың болмауын қатаң қадағалап отырды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша 63 дауыспен 10- сынып оқушысы Мекен Ерасыл өзін-өзі басқару ұйымыны Президенті болып тағайындалды. Ол өз лауазымына кіріспес бұрын мектеп оқушылары алдында өзіне жүктелген үмітті ақтайтынын айтып, ант қабылдау рәсімі жасалды. Көпшіліктің сеніміне ие болған Президент 8-фракция депутаттарымен бірлесе отырып, жұмыс жоспарын әзірлеуге кірісіп те кетті.

Осы шара барысында оқушыларымыздың бойынан ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, өз бетінше таңдау жасауға дайын белсенді шәкірттеріміздің көптігі көңілге қуаныш орнатқандай болды. Бұл әрине, тәрбиенің жемісі екені анық. Ел ертеңі – болашақ жастар қолында. Өзін- өзі басқару көшбасшыларының алдағы атқарылар істеріне сәттілік тілейміз.

П.Ермекова,

К.Байсейітова атындағы тірек мектебінің тәлімгері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *